Сондай-ақ өңір басшысы Екібастұз шаһарында жөндеуден кейін жылу желілерінің бүгінгі жай күйімен танысты. Биыл бірнеше шақырым құбыр жамалып, ауыстырылды. Оған бюджеттен 3 млрд теңге бөлінген екен.
АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазір екінші магистральға келіп отырмыз. 1,1 шақырым жаңарту жоспарланған. Жалпы қаражат 3 млрд теңге. Жұмыстар басталып кетті.
Қала әкімінің сөзінше жоба мерзімі 8 ай, бірақ мердігер ұйым 2,5-3 ай ішінде желілерді іске қосуды жоспарлап отыр. Кейін бірден сынақтарға кіріседі. Айта кетсек, құбырдың тозығы 100 пайызға жеткен.
АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қазіргі уақытта екі жақтан жұмыстар басталды. Беркімбаев және Пішембаев жақтан. Мына 10-11 магистарль арқылы 7 магистарльдік желілердің бетін сумен қамту. Бір апта ішінде жоспарды баяндайтын боламыз. 1-1.5 айда жұмыстарды аяқтайтын болсақ, 80 шақты үйлерді қосуға болады, ыстық сумен қамтамасыз етуге. 100 пайызға трубалалар келісімшарттар бар, 50 пайызы осы Екібастұзға әкелінді. Тиісті кестесі жасалды.
Сорғы станциясы жаңартылды
Келесі кезекте аймақ басшысы жаңартылған №2 сорғы станциясына барды. Сорғы станциясының жаңартылуы электр қуатын үнемдеуге, яғни электр энергиясына кететін шығындарды 50 миллион теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. 1965 жылы пайдалануға берілген нысанның негізгі жабдықтары ескіріп, 2024 жылы толық қайта құру жұмыстары басталып, жылдың соңында аяқталды. 2025 жылы қаңтарда қолданысқа берілді.
ЛӘЗЗАТ БЕКБЕРГЕНОВА, «ГОРВОДОКАНАЛ» МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.
Жоба аясында технологиялық жабдықтар толығымен ауыстырылды. Сонымен қатар, жұмыс режимін бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандыру жүйесі орнатылды. Жобаның жалпы құны 2,4 миллиард теңгені құрады. «Инженерные сети» ЖШС мердігерлік ұйымы 52 дана жапқыш арматураны, 5 сорғы агрегатын және 2 трансформаторды жаңасына алмастырды. Қайта жаңартылған станцияның өнімділігі тәулігіне 54 248 текше метр суды құрайды. Жаңарту барысында қуаты 800 кВт болатын 4 ескі сорғының орнына қуаты 355 кВт болатын 5 жаңа сорғы орнатылды. Осы үш айда біз электр энергиясын тұтынуды 20%-ға дейін азайтылғанын байқадық. Қайта құру су берудің сапасын арттыруға, әсіресе қыс мезгілінде сорғы агрегаттарының апаттық тоқтап қалу қаупін төмендетуге және сумен жабдықтау жүйесінде гидравликалық соққыларды азайтуға мүмкіндік берді. Бұдан кейін облыс әкімі «КЭГОГ» Солтүстік Жүйеаралық электр тораптары» филиалына соқты. Онда филиал басшысы Азамат Әміренов ақпараттандырды. Соңғы екі жылда мында 7 млрд теңгенің жобасы жүзеге асқан.
50 жаңа балалар алаңы орнатылады
Сонымен қатар, Асайын Байханов Екібастұз қаласындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты.
АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы көлемде 50 жаңа балалар алаңын орнатуды жоспарлап отырмыз. Бізде әлі кешенді абаттандыруды қажет ететін 120 ауладай қалды. Биыл 50 ауланы жаңартып, балалар алаңын қоямыз. Одан бөлек, стрит воркаут, стритбол алаңдары бойы конкурстық рәсімдер өткіздік. Жалпы 60 ауланы бұл шаралармен қамтимыз. Былтыр 20 футбол алаңы орнатылды. Биыл осы бағытта жұмыстарды жалғастырамыз.
Осылайша қаладағы аудандар шағын, сондықтан бір ауданда бір футбол алаңы жеткілікті деді қала әкімі.
Жалпы алғанда жаңа сіз айтып кеткендей 120 аула қалады. Одан 60 ауланы алып тастағанда. Келесі жылға 60 аула қалады. 60 ауланы келесі жылы толықтай аяқтай аламыз ба? Ол жерде асфальттау жұмыстары бар. Оны біртіндеп жаңартып отырамыз.
Жылда бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізілгенмен, әлі де атқарылатын жұмыс жеткілікті деді аймақ басшысы. Соған қарамастан келер жылы балалар алаңдарын толық жаңартуды тапсырды.
Спорт кешені бой көтереді
Екібастұздықтар үшін жағымды жаңалық. Шаһарда спорт кешені бой көтеретін орын анықталды. Жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы мұз аренасы спорт кешенін салу үшін ыңғайланған жермен танысты.
АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қалада үлкен учаскелер көп емес. Бірақ лайықты орын таптық. Мына жерде 3 гектардай жер телімі бар. Барлық техникалық мүмкіндіктермен қамтылған. Бас жоспар жобасында 11 тоғыз қабатты тұрғын үй салуды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ бұл мәселе өзектілігін жоғалта бастады, өйткені қаланың дамуын ескере отырып, тұрғын үй салу үшін басқа учаскелерді анықтадық.
Облыс әкімі жобаны заманға сай жабдықтауды тапсырды. Ішінде әмбебап спорт залы болады. Екі қабатты құрылыс алаңы – 11190 шаршы, ал жалпы ауданы – 14 мың шаршы метр. Мамандар жерді бір аптада рәсімдеуге болатынын атап өтті. Мемлекеттік сараптама алғаннан кейін бір апта ішінде техникалық шарттар берілмек.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Екібастұз үшін бұл өте маңызды жоба, мұндай ғимарат «Жасыбай» спорт кешені салынғаннан – 1986 жылдан бері тұрғызылмаған. Біз жеңіл атлетика манежімен біріктірілген сұранысқа ие мұз аренасын салуды жоспарлап отырмыз. «Жасыбайда» сегіз мыңға жуық адам қамтылған, мұнда да одан кем болмайды. Сондай-ақ, орналасатын жері де өте ыңғайлы.
Шаһар басшысының айтуынша, Екібастұздан екі әлем чемпионы шыққан. Олар жергілікті клубта шыныққан. Хоккей командасы да мықты. Жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. Осы ретте, облыс әкімі жобаны әзірлеп, сараптама жасатуды тапсырды.
Самал Қалиқызы