Өзінің бар ғұмырын спортқа арнап, жастарға жеңіл атлетиканың құндылықтарын ұғындырып, үздік спортшыларды шығарып жүрген жанның ірі Виктор Кольев 85 жасқа толды. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессордың мерейлі жасын атап өту шарасына түлектері, замандастары мен балалары қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.
Жақсылық пен еңбек, біліктілік пен адалдық, спорт пен ғылым бір арнада тоғысады. Осы қасиеттердің бәрін бойына сіңірген, еліміздің спорт саласында зор жетістіктерге жеткен, шынайы еңбекқор, ізденімпаз, өз ісіне берілген тұлға – Виктор Кольевтің 85 жасын атап өту игі шара ұйымдастырылды. Онда оған құрмет көрсетіліп, бірқатар марапаттар табысталды.
Диас Жакенов, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының М.А.
Құрметті Виктор Кольев! Сізге Павлодар облысы спорт басқармасы атынан ұзақ ғұмыр, ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісін көруді тілеймін. Сіздің бұл саладағы ұзақ жылғы еңбегіңіз біздің өңірде ған емес еліміз бойынша көпке үлгі. Осы орайда сізге спорт мнмистрлігі мен облыс әкімінің атынан Құттықтау хатын табыстауды рұқсат етіңіз.
Виктор Кольевтің бар өмірі спортпен байланысты. Әрбір жетістігі мен әрбір жеңісі – оның спортқа деген адалдығының айғағы. Ол өзінің ұстаздық жолында көптеген талантты спортшыларды тәрбиеледі. Бұдан бөлек, спорттық педагогика саласында көптеген зерттеулермен айналысып, бірқатар ғылыми мақаланың жазған. Бұл оның тек жаттықтырушы ғана емес, сонымен қатар нағыз ғылыми жұмыс жасаушы педагог екенін көрсетеді.
Нұрлан Елемесов, В.Кольевтің шәкірті
Бүгінгі мына мерейтойына әріптестері, оқушылары бәрі жиналып отыр. Бізге үлкен тәрбие берді, оқуда көп көмектесті. Әрі қарай бала-шағасының қызығын көре берсін.
Спортшы тәрбиелеген шәкірттер қазір осы салада биік белестерді бағындырып, еңбектің жемісін көріп отырған жандар.
Нелли Пфейфер, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Бүгінгі осы шараның куәгері болып, қатысып отырғаныма қуаныштымын. Біз Виктор Кольев оқытқан 1983 жылдың түлектеріміз,. Біздің арамызда меценаттар, кәсіпкерлер, профессорлар, спор саласында көптеген жеңіске жеткен көптеген азаматтар бар. Бізді бір арнаға тоғыстырған ұстазымыз. сондықтан оның есімін зор мақтанышпен айтамыз.
Мерейтой иесі өз мамандығына деген шексіз сүйіспеншілігі мен еңбекқорлығы оның тәлімгерлік қызметінде де көрініс тапты. Ол тұтас бір ұрпақты тәрбиелеп, олардың жүрегінде спортқа деген шынайы сүйіспеншілікті ұялатты.
Виктор Кольев, жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Мен бүгін ерекше бақыттымын, толқып та тұрмын. 85 жасыммен барлық шәкірттерім құттықтап келуде. Алдарыңызда міне, алғашқы түлектер тобы да отыр. Менде осылармен бірге өстім, үлкен тәжірибе жинақтадым. Қазір барлығы еңбектерінің жемісін көріп отырған зейнеткерлер. Мені сыйлап келгендеріңіз үшін ризамын, рақмет. Әр шәкіртім спорт десе жанын бере алады, сондай білім мен тәрбие бере алдым деп ойлаймын.
Қашан да жақсылардың артында көп еңбек тұрады, ол арқылы ғана нағыз жетістіктерге жетуге болады. Виктор Кольевтің бар ғұмыры спортқа арналып келеді, оның өмірі мен еңбегі Қазақстанның жеңіл атлетика тарихында алтын әріптермен жазылатыны анық.
Қымбат Садық