Биыл Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті 96 азаматтың құқықтары қорғалды. Бұл қалай жүзеге асады, басты мақсат қандай? Тілші тарқатады.
Азаматтардың құқығын қорғау тек жеке тұлғалардың мүдделерін қорған болумен шектелмейді. Әділетті қоғам құру үшін әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтап, оларды қалпына келтіру қажет. Осы мақсатта өңіріміздегі мемлекеттік қызмет істері агенттігі 96 азаматтың құқықтық мүдделерін қолдап, 42 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқықтарын қорғаған.
ЕРҚАНАТ ӘБІЛСАЛИКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Мемлекеттік органдардағы жұмыс режимдері мониторингі нәтижелерімен 42 мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, 7 мемлекеттік органдардың бірінші басшылары әкімшілік жауапкершіліккке тартылды. Бұл көбінесе Май, Ертіс ауданы мен павлодар және Ақсу қалаларында орын алған факті болып табылады. Сонымен қатар, департаментпен жүргізілген шаралармен қатар мемлекеттік қызметшілерге іс-сапар шығындарын өтеу, талдау нәтижелерімен 36 мемлекеттік қызметшіге 3.7 млн теңгеге іс-сапар шығындарын төленгені атап өтілген жөнг.
Кейбір мемлекеттік органдардан мұндай ақы төленбейтін жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай сәтте жауапты департамент талдау жүргізіп, мемлекеттік қызметшінің құқығын қалпына келтіріп береді. Бұдан бөлек, сәуір айында Павлодарда төрт мемлекеттік орган басшылары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 89 бабының 1-ші бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылған.
ЕРҚАНАТ ӘБІЛСАЛИКОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жұмыс уақыты режимін бұзу, яғни, жұмыстың шектеулі санын арту бұл бірінші рет әкімшілік ескерту беріледі, жүйеге енгізіледі. Арнайы карточка беріледі, егер осы мәселе бір жыл ішінде мемлекеттік орган басшы тарапынан қайталанатын болса әкімшілік айыппұо түріндегі шара қолданылады.
Әр азамат өз құқықтарын білсе және оларды қорғауға белсенді түрде қатысса, елімізде әділетті әрі құқықтық мемлекет қалыптасады. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарайда жауапты сала мамандарының басты назарында болмақ.