Өңір басшысы Асайын Байханов Ақпараттық технологиялар колледжіне барып, жасанды интеллект пен оны білім беру жүйесіне тигізетін септігі бойынша студенттердің жобаларын көрді. Зертханаларда жастар графикалық дизайн, 3D модельдеу, робототехника және виртуалды шындық бағытында жасаған тың жобаларын таныстырды.
Оқу орнын аралай келе облыс әкімі заманауи IT-кадрларды даярлаудың маңыздылығын айтты. Дуалды оқыту мен әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықтың тиімділігін ерекше атап өтті. Бұдан кейін студенттердің WorldSkills өңірлік чемпионатына дайындық барысымен танысты. Чемпионат «Прототиптеу», «Графикалық дизайн», «Инженерлік графика» және «Бейнеөндіріс» бағыттары бойынша өтеді.
Ақпаратты технологиялық колледж ІТ саласында мамандар даярлайтын оқу орны. Заманға сай жасанды интеллект саласында жұмыс істей алатын кәсіби шебер даярлауға мән беріліп отыр. Бұны өңір басшысы аралау барысында атап өтті. Сапар соңында Облыс әкімі колледж амфитеатрында креативті жастармен кездесіп, кәсіби чемпионат жеңімпаздарыМЕН бірге алма ағашын отырғызды.
Әйгерім Тоқпанқызы