Май ауданы Малайсары ауылында кітап оқыған жастарды ынталандыру дәстүрге айналған шара. Мәселен биыл үздік 10 оқырманға демеушілер атанын 10 велосипед сыйға берілді. Толығырақ келесі сюжетте
Қолдан гаджет түспеген заманда балаға кітап оқыту қиынның қиыны. Кітап оқыған жанның көкжиегі кеңейіп, ой-өрісі дами түсетінін бәрі біледі. Бірақ уақыт тапшылығы ма, басқа ма жастар түгілі ересектер кітап оқуға қазір қызықпайды. Ал, Малайсары ауылында бұл мәселе бір жолға қойылған. Дәстүрлі түрде оқырманның санын арттырып, әсіресе жастар арасында қызығушылықты ояту мақсатында өткен шара. .
Анар Жетібаева, малайсары жоббм директоры
Мектепте бұл жобалар 10 жыл бұрын басталған. Ең бірінші жоба Табысты оқу болатын. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы жобалар. Одан кейін, министрдің ұсынысымен 2020-2025 «Оқуға құштар мектеп» аясында жұмыс атқарды. Және биылғы жылы «Біртұтас тәрбие» аясында балалар кітапханасы. Бүгінгі күні әр жоба ерекше деп айтуға болады.
Байқау былтыр қараша айында жарияланды. 5-6 ай уақыт берілді. Жас ерекшелігіне байланысты оқушыларға критерийлер қойылды. Осы уақыт ішінде жас жеткіншектер Абайдың қара сөздер мен дәйек сөздерді, Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіровтің, жергілікті ақын жазушылардың шығармаларын оқыды.
Әнел Қадырбек, малайсары ЖОББМ 7-сынып оқушысы
Мен кітапты бала кезімнен оқимын. Ол 5-6 жасымнан, ертегілерден бастағам. Осылайша көбінесе фантастиканы оқимын.
Меруерт солдат, малайсары жоббм 10-сынып оқушысы
Кітапқа қызығушылығым бала күнімнен басталды. Ата анам кітапты сүйгендіктен, мен де кітап оқимын. Жалпы қазақ әбедиетінің шығармаларын оқуды жақсы көремін. Кітап шексіз әлемге кілт дейді гой. Ол ойымызды санамызды ұштап, алыс сапарға жетелейді.
Үлкендер де бұл жобаны қолдап отыр. Кітап оқудың маңыздылығы мен пайдасы зор дейді.
Ғабит Сапаров, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
Мына Малайсары мектебінде Ұлтты кітап күнін мерекелейік деп жатырмыз. Барлығыңызды кітап оқуға шақырамын. Жақсы кітаптар көп болсын, оны оқитын ұрпақ көп болсын
Алтынсары Сыздықов, Малайсары ауылының тұрғыны
Сыздықов Шәкен деген әкем соның оқулары, қазақ тілі әдебиетінен сабақ берген. Шараға келіп тілді насихаттап жатырмыз. Кітап арқылы білімдерін толықтырады. Шара құтты болсы, ел аман жұрт тыныш болсын.
Қараша айынан бері кітап бетін кеміріп, сайысқа түскен оқушылар бүгін марапатқа ие болды. Сахнаға қатысушылар мен олардың ата аналары да шықты. Кез келген дүниенің бастауы үйдегі тәрбиеде екенінін дәлелі.
Маржан Өкешқызы, ата-ана
Ата ана ретінде ризашылығымды білдіргім келіп тұр. Бұл мектепте менің 4 балам білім алды. Қазір ең үлкені жоғары оқу орнында оқиды. Аталмыш кітап оқуда сайысы бойынша велосипедке ие болып отыр. Қазіргі заманда кітап оқыту қиын. Кітап оқу ол ұядан басталады.
Айта кетейік, 23 сәуір Ұлттық кітап күні. Малайсары ауылында осы мереке аясында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті.
Самал Қалиқызы