10 сәуір күні өңірде жыл сайын өтетін «WorldSkillsPavlodar» чемпионаты ресми түрде өз жұмысын бастады. 275 өнертапқыш студент 55 негізгі құзыреттілік бойынша жарысқа қатысуда. Олардың қатарында — Павлодар техникалық сервис колледжінің шәкірттері де бар.

Екі күн бойы 13 студент «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша өзара бақ сынайды. Дәстүрге айналған бұл байқауда студенттер шеберліктерін көрсетті.

Эльнур Бекташов, «Talap» КАҚ бас менеджері

Бүгінгі таңда біз Көлік және сервис колледжінда жеңіл автокөлік жөндеу және қызмет көрсету бойынша қатысып отырмыз. Бұл құзреттілік бойынша өңірден 14 қатысушы қатысып отыр.жалпы облыс бойынша екі күн ішінде басқа да колледждерді қарап шықтық.

Байқау тапсырмасы 4 модульден тұрады. Олар: поршень сақиналарын ауыстырды, беріліс қорабын жөндеді және қозғалтқыштың электрондық жүйесіне диагностика жасады.

Сүндет Турапов, қатысушы

Біз қазір лада гранта автокөлігінің алдында тұрмыз. Бұл жерде бізге тапсырма берілген. Бізде автокөлік траит етіп тұр двигетелі. Біз сол прицина арқылы соны іздеп барлығын қарайтын боламыз.

Сондай-ақ, Павлодар техникалық сервис колледжінің студенттері мен оқытушылары облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларға да белсене қатысады.

Әнуарбек Ахметшаихов, Павлодар техникалық сервис колледжінің басшысы

Сайысқа жылда облысымыздың намысын қорғап Республикада қатысамыз.Және шынақ жөндеу бойынша,дәнекерлеу бойыншща біздің колледж бірінші орын алады. Ұстаздарымыз бен студенттеріміз үнемі қатысып облысымызды жоғары көтеруде.

Павлодар чемпионатының жеңімпазы «WorldSkillsPavlodar» ұлттық байқауда облыс намысын қорғайды.

Дильназ Куанышбекова