Елімізде Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсудің жаңа мүмкіндіктері ашылды. Биыл магистратура мен докторантураға мемлекеттік гранттар бөлініп, талаптарға да өзгерістер енгізілді. Өңірде мемлекеттік қызметшілердің саны – 4 079 адамды құрайды. Былтырмен салыстырғанда 52 маманға азайды. Мемлекеттік қызметте мансапты неден бастауға болады? Толығырақ алдағы сюжетте.
2025 жылдың 1-тоқсанында облыс бойынша мемлекеттік қызмет саласында бірқатар нәтижелі жұмыс жүргізілді. Бүгінде бос жұмыс орындарының саны – 344 бірлікті құрайды. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 35 орынға кем. Ал, қызметкерлердің орташа еңбек өтілі – 12,3 жыл. Жас басқарушыларды іріктеу аясында 20 кадр резервінен 8 маман жоғары лауазымға тағайындалды.
АСХАТ ИСКЕНДИРОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Павлодар облысында пилоттық режимде жаңа форматта конкурс жүйесі өткізілуде. 2024 жылдан бері бүгінгі күнге дейін аталған жүйе бойынша 600ден астам адам мемлекеттік лауазымға алғаш рет тағайындалған. Сонымен қатар конкурссыз яғни 3.33 жоба бойынша төменгі лауазымға 24 ЖОО түлектері қабылданды.
Әдеп жөніндегі кеңесте 2 отырыс өтті. Онда 19 мәселе қаралды. Оның 68 пайызы профилактикалық сипатта болды. 39 тексеріс барысында 4 мыңға жуық заңбұзушылық анықталып, 540-тан астамы жойылды. Осы кезеңде 120-ға жуық азаматтың құқығы қалпына келтірілді.
АСХАТ ИСКЕНДИРОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне байланысты жалпы 1 тоқсан бойынша 158 хабарлама мемлекеттік органдарға түсті. Оларды қарастыру нәтижесінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты 210 тәртіптік жаза қолданылды. Оның ішінде 200 қызметтік тергеп-тексеру өткізбестен, 10 тәртіптік комиссия қаралды. Мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты режимін сақтауына мониторинг жүргізу кезеңінде 42 қызметшілердің еңбек құқықтары қорғалып, оларға тынығу сағаттары берілді.
Енді мемлекеттік қызметке жаңаша қадам жасауға болады. Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау 1сәуірден басталды. Құжаттар 25 маусымға дейін «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде қабылданады. Сондайқ-ақ биыл «Цифрлық мемлекеттік басқару» атты жаңа бағдарлама енгізілді.
САМАЛ ЖАРГАКОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫ
Биыл да магистратураға 120 орын, ал доктарантура 12 грант бөлінетін болады. 25 жылғы қабылдау науқанының басты жаңалықтары мен өзгерістеріне келсек, академияда алғаш рет цифрлық мемлекеттік басқару, білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. 1 жылдық бағдарламаға цифрлық даму саласында жұмыс істейтін және бейінді жоғары білімі бар, кемінде 3 жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар үміткерлер қатыса алады. Барлық магистратура бағдарламаларына мемлекеттік қызметтік өтілі 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды. Мемлекеттік басқару бағдарламасына кеміне 5 жыл. Саясат бағдарламасына 4 жыл талап етіледі.
Айта кетейік, ақылы бөлімге квазимемлекеттік сектор қызметкерлері де түсе алады. Әр бағдарламаға нақты талаптар енгізілді. Акдемияға оқуға түсу үшін бірнеше құжаттар тізімі керек. Мемлекеттік органның жолдамасы, жеке куәлік, диплом мен мемлекеттік тілді меңгеру сертификаты және ағылшын тілі бойынша халықаралық сертификат қажет.
Сабина Жолдаспаева