Павлодарда өңеш тесігінің диафрагмалық жарығын алып тастау бойынша сирек жасалатын ота сәтті аяқталды. Аз тілікті тәсіл мен білікті дәрігерлердің арқасында науқас тез және асқынусыз сауығу үстінде.

Өңештегі диафрагмалық жарықты жою – бұл жоғары технологиялы әрі қымбат операция. Жекеменшік клиникаларда осындай операциялардың құны 800 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Алайда, Павлодар қалалық №3 ауруханасында бұл ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тегін жасалды.

Ерасыл Мырзаханов, Павлодар қалалық №3 ауруханасының хирург дәрігері

Науқас жоспарлы госпитализацияланды.Диаграфманың өнештік санлауының жарығымен Бұл жаңағы МӘМС жүйесі бойынша тегін жасалған операция болып табылады. Ниссен бойынша фундооплекация артқы куророфиямен дейді.Бұл операция лапроскопиялық метод арқылы жүзеге асырылды.Лапроскопиялық метод травмотизациясы аз және риябелатациясы жылдам болады.Науқас стационарда 4-5 күн жатады да одан амбулаторлы гастроорентологың еміне жіберіледі.

Дәрігерлердің айтуынша, операцияның тіліктемелерінің аз болуы ауырсынудың аз болуына ықпал етеді. Науқас операциядан кейін келесі күні төсектен тұрып, бірнеше күннен соң үйіне шығарылуы мүмкін. Ең бастысы – уақытында дәрігерге қаралу.

Светлана Иванова, Павлодар қалалық №3 ауруханасының емделуші

Бастапқы кезде менің ішім ауырды.Дәрігердің қабылдауына бардым сосын ол мені тексерістен өтуге жолдама берді. ФГДС жасаған сәтте Өңеш тесігінің диафрагмалық жарығы деген диагноз қойылып тезірек ота жасау керек екенін айтты. Қазір біз отадан кейін ауруханадан шығуға дайындалып жатырмыз. Бәрі жақсы. Дәрігерлерге көп рақмет!

Дәрігерлер кекіру мен іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуды елемеуге болмайтынын ескертеді. Уақытылы медициналық көмекке жүгіну ауруды ерте анықтап, қаржылық шығынсыз ем алуға мүмкіндік береді.

Дильназ Куанышбекова