Облыс орталығында тапатал түсте зейнеткерді тонамақ болған күдікті қолға түсті. Тәртіп сақшыларының қырағы әрекеті арқасында қылмыстың ізі суымай ашылды.

Ктм. Оқиға Павлодар қаласы Камзин көшесіндегі тұрғын үйлердің кіре берісінде болған. Ер адам зейнеткердің азық-түлік салынған сөмкесі мен әминанын тартып алуға оқталған. Арам ойын жүзеге асыра алмағандықтан оқиға орнынан ізін суытқан. Жедел уәкілдер ортанылған бейнебақылау камералардың септігімен күдіктінің қашу бағыттарын айқындап, жазбаларды зерделеген. Нәтижесінде бұрын сотты болған Екібастұз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қолғазлды.

Әйгерім Тоқпанқызы