Референдум қарсаңында коалиция құрылып, оның мүшелері бір ай бойы белсенді жұмыс жүргізді. Әр партиядан біріккен мүшелер ауыл аймақты аралап, шалғай жерлерге де барды. Жаңа Конституция мәтінін өңірдің әр азаматына түсіндіріп, жеткізуге тырысты.
Референдум нәтижесі Павлодар облысы жұртының саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымының жоғары екендігін көрсетті. Коалиция мүшелері Ата Заңның жаңа жобасын түсіндірумен айналысты. Олардың қатарында Қазақстан халық партиясының мүшелері де бар.
Әлімбек Ағыбаев, «Қазақстан халық партиясы» ПОФ төрағасының М.А.
Біз облыстың барлық аудандарына бардық. Елдімекендерді аралап, кәсіпорындарға, ірі ұжымдарға, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездестік. Осы кездесулердің аясында Жаңа конституцияның мәтінін таныстырдық, оны бұрынғы Конституциямен салыстырмалы түрде айырмашылығын айттық. Оң өзгерістерге тоқталдық. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында заңнамадағы өзгерістерге де тоқталдық. Тұрғындар құрылтай, халық кеңесі, отбасы құндылықтары туралы да сұрақтар қойылды.
Айта кетейік, өңірлік коалиция құрамында Қазақстан халық партиясынан үш белсенді азамат болды.
Самал Қалиқызы