Өңірде аса ірі мөлшерде есірткі заты тәркіленді. Облыстық прокуратура мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлерінің жүргізген арнайы жедел шарасы нәтижесінде Ақсу қаласында ер адам ұсталды.
Күдіктіні тінту барысында одан ірі көлемде өсімдік тектес есірткі заттары, шамамен 11 келі табылып тәркіленді. Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу және жөнелту бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Әйгерім Тоқпанқызы