Павлодар облысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жер учаскелерін беруде заңсыздықтар анықталды. Бірінде 5 жылға ғана берілген жер, одан артық мерзім пайдаланылған. Екіншісінде жер беру реттілігі бұзылған. Екі факт бойынша материалдар жер ресурстарын басқару департаментіне жіберілді.
Павлодар облысында 2025 жылы аймақ басшысының үкімімен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілері үшін пайдалану құқығын жалғастыру мәселесін реттеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысы басталды. Яғни жер учаскелеренің берілу, қолдану тәртібін тексеру үшін комиссия құрылды. Комиссияның негізгі міндеті жер пайдаланушылардың адалдығын анықтау болды.
Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Міндетті критерийлер бұл жердің мақсатын сақтау. Ал, көмекші критерийлерді бағыты көп. Жер учаскілері үшін бекрешекті болдырмау, жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылықтардың болмауы. Шаруашылықтың жерге орналастыру шарасының болуы.
Облыстың арнайы комиссиясының құрамына Павлодар облыстық прокуратурасы, жер ресурстары басқару департаменті, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы, әділет департаменті, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері енді.
Мұрат Хамитов, Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы
Арнайы комиссияынң қарауына 134 материал жіберілді. Материалдардың заңдылығына тексеру жүргізілді. 2025 жылы 4 отырыс өтті. 13 материал қаралды. 11-і адал деп танылды. 2 жер пайдаланушы жосықсыз деп танылды.
Жосықсыз деп танылған бір материал бойынша жер учаскесі арнайы жер комиссиясына шығарылмай, жерді беру реттілігі бұзылған. Ал, екінші жағдайда жер учаскесі 36,37 заңға сәйкес 5 жылға ғана берілуі тиіс болған. Алайда аталмыш мерзімнен асып кеткен. Жосықсыз деп танылған екі материал жер ресурстары басқару департаментіне жіберілді.
Самал Қалиқызы