Облыс орталығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектепте Наурыз мерекесіне арналған қызықты әрі танымдық шара өтті. Балдырғандар ұлттық киім киіп, дәстүрлі ойындар ойнап, өнерлерін ортаға салды. Осылайша, түрлі сайыс түрлерінде үздіктерді анықтауға тырысты.

Мектепте Наурыз мейрамы ерекше көңіл күймен, думанмен аталып өтті. Ұстаздар мен ата-аналар бірлесіп, балаларға арналған ұлттық мәдениетті дәріптейтін мереке ұйымдастырды.

Сәуле Алтынбекова, Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі ЖОББМ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

«Наурыз меркесінде біздің ата-аналарымыз жақсы бір үлкен дастархан жайып, қазақ елінің дәстүрлерін балаларға жеткіземіз деп тырмысып, көрсетіп жатыр. Өте керемет болып жатыр. Барлық балаларымыз ұлттық киімде, бір 120-дай бала бүгін қатысып отыр. Бұл мектебімізде дәстүр болып кетті. Жыл сайын біздің ата-аналарымыз өздерінің балапандарына осындай үлкен той жасап жатыр. Енді баршаңызға айтатынымыз – Наурыз құтты болсын, ақ мол болсын, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын. Осылай ата-аналарымызбен бірге Наурызды жылдан жылға тойлай берейік»

Сайыс форматында өткен шарада 1-5 қазақ сыныптарының оқушылары төрт ауылға бөлініп, өзара сынға түсті. Алдымен мерекелік ақ дастархан жайылып, әр ауыл ұлттық тағам түрлерін ұсынды. Кейін салт-дәстүр үлгілерін сахналап көрсетсе, соңында ұлттық ойын түрлерінен мықтыны анықтады. Бүлдіршіндер барлық кезеңге аса қызығушылықпен қатысып, бар өнерлерін ортаға салды.

Айару Тоқтар, Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі ЖОББМ 3-сынып оқушысы

«Жақсы, дастархан – бәрі маған ұнады. Сайысқа қатыстық. Енді әнді айтамыз енді, өте ұнады маған. Ән айту. Өйткені мен өзім де қатысамын, әнге жақынмын. Сол үшін ән ұнады маған.»

Әбдірахман Әлижан, Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі ЖОББМ 3-сынып оқушысы

«Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын Наурыз мерекесі!

Маған іс-шарада асық ойнаған және де өлең айтқан ұнады» Мен асық ойнағанды ұнатАмын, мен онда 3 ай қатыстым»

Жас буын Наурыз мерекесінің мәнін түсініп, қазақтың ұлттық мәдениетімен кеңірек танысты. Мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп, балалардың ұлттық дәстүрге деген қызығушылығын арттыруда.

Жұлдыз Қабылденова