Павлодар облысында Референдум күні 13 сәби дүниеге келді. Олардың ішінде егіздер де бар. Балалардың қазіргі жағдайы қалай? Тілшіміз айтсын.

Бұл - Азиз. Кішкентай балапан 15 наурыз Жаңа Конституцияны қабылдаған референдум күні дүниеге келді. Ата-анасы үйдегі екінші балаға өте риза. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

Гүлназ Амарқанова, Павлодар қаласының тұрғыны

Қазақстанның болашақ азаматы болғандықтан, біз үшін маңызды күн болып саналады. Барлық туыстарымыз да бәрі де айтып жатыр. Өзі келіп қалды, өзі осы күнді таңдады деп. Қуаныштымыз. Өзі түшкіріп жатыр. Қуаныштымыз осы күнде бізді ата ана ретінде таңдағанына.

Ел үшін маңызды саяси науқанда Павлодар облысында 13 сәби дүние есігін ашыпты. Араларында ерекше есім қойылғандары жоқ екен.

Альберт Уразов, Павлодар облысы перинаталдық орталығының неанатолог-дәрігері

Соңғы тәулікте біздің өңірде 13 бала дүниеге келді. Оның 9-ы ұл, 4-і қыз және егіздер бар. Егіздің бірі қыз, бірі ұл. Қазір балалардың бәрінің жағдайы жақсы, аналарының жанында. 3-5 күн аралығында ауруханада болып, ем алады. Кейін үйлеріне жіберіледі. Ерекше есім қойғандар жоқ.

Сонымен, Президенттің шешімімен 15 наурыз Конституция күні деп белгіленді. Ал, осы күні дүниеге келген сәбилер енді туған күндерін ел мерекесімен қатар атап өтетін болады.