Бүгін мың айдан да артық қадір түні. Адамдардың тағдыры жазылатын түні біздің арна дәстүрлі түрде Орталық мешіттен тікелей шығарылым жасайды. Дінтанушылар, ғалымдар сіз бен біздің сұрақтарымызға жауап береді.

Қадір түні – исламдағы ең қасиетті түндердің бірі. Мұсылмандар бұл түнді ерекше құлшылықпен өткізуге тырысады. 2026 жылы мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.

Қадір түнінде жасалған құлшылықтың сауабы мың айдан да артық. Осы себепті мұсылмандар бұл түнде мешіттерге барып, намаз оқып, Құран оқып, дұға жасап, тәубе етіп, садақа беруге көңіл бөледі.

Осы ретте, аймақтың басты арнасы Ертіс телеарнасы жылда Қадір түні Орталық мешіттен тікелей эфирге шығады. Биыл да дәстүрлі түрде қасиетті түні Мәшһүр Жүсіп мешітінен шығарылым болады. Рамазан айы мен Қадір түнінің мұсылман қауымы үшін маңыздылығы кеңінен тарқатылады. Кешкі сағат 21.15-те біздің арнаны қосуды ұмытпаңыздар.

Қадір түніне байланысты Мәшхүр жүсіп орталық мешітінен тікелей эфир сағат кешкі 21.15-тен 22.15-ке дейін болады. Сондықтан Қадір түні мен Рамазан айына қатысты танымдық ақпарат, әуезді әңгіме естігіңіз келсе, эфирден алыстамаңыздар!

Самал Қалиқызы