Павлодарда алпауыт компания жарық бағасын 12,7 пайызға өсірмек. Тарифті өсіруге не себеп. Тілшіміз айтсын.

 Осы жылдың 4-маусымы күні «Павлодарэнерго» АҚ-нан Табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментіне электрэнергия бағасын көтеру бойынша өтініш келіп түсті. Сұрақ әлі қаралуда. Жалпы өңірде электрэнергияны қымбаттатуға негіз бар көрінеді.

Нұрлан Нұрмұратов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Көтерілу көтерілмеуі белгісіз. Бірақ көтеруге негізгі себептер бар, жаңағы айтып кеткен көмірдің бағасы өсіп кетті. Оның бағасы өндіруге де, тасымалдауға да әсер етеді. Сатып алатын мекемеге тарифіне әсер етеді. Әрі қарай тарататын мекеме де.

Айта кетейік, монополист электрэнергияны 12.7 пайызға көтеруді көздеп отыр.

Нұрлан Нұрмұратов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Біз алдында 4078 теңгеден ағымдағы жылдың 3600 теңге түсірген болатын. Енді 4070 теңге мекеме жоспарлап отыр.

Ел бойынша қарасақ Павлодар облысы тариф бағасы бойынша 17 орында. Енді оның өсуі 18-маусымнан кейін ғана белгілі болады.

Самал Қалиқызы