23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Өңірде аталған құрылымда 3800-ден астам адам жұмыс істеп келеді. Барлығының мақсаты - мемлекет мүддесін биік қойып, елге адал қызмет ету. Мереке қарсаңыңда салтанатты жиын өтіп, онда бірқатар сала қызметкерлері марапатталды. Толығырақ тілші тарқатады.
Мемлекеттік қызметші- аппараттың көзі, құлағы һәм қолы. Өңірде аталған құрылымда 3800-ден астам адам еңбек етеді. Барлығының мақсаты - мемлекет мүддесін биік қойып, елге адал қызмет ету. Мерекелік жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары өңір басшысының атынан мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.
Павлодарда 394 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 69,5 пайызы – әйелдер, ал оның 51,6 пайызы – басшылық лауазымдағы білікті мамандар, қызметтегі орташа еңбек өтілі 12 жылдан асады. Сондай-ақ, облыста жылына 12 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ал, «Әкімдер мектебі» жобасы аясында 100-ден астам ауылдық округ әкімдері оқытудан өткен. Бүгінде сала қызметкерлеріне көрсетілетін қолдауда артып келеді.
Асхат Ескендіров, Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы
26 жылдан бастап басқа елдімекенге көшетін қызметшілерге тұрғын-үй төлемдерін, көтерме жәрдемақы, көлікпен жол жүруге және жеке мүлік тасымалдауға арналған шығындарды өтеу, мереке және демалыс күндері жұмыс атқарғаны үшін өтемақылар мөлшерін оқыту, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің зейнетақыға шығуы кезінде бір жылғы жәрдемақы көзделген.
Мемлекеттік қызмет саласының ардагерлерінің бірі Дәулет Закариянов. Ол еңбек жолын қарапайым маманнан бастаған, еңбек өтілі 30 жылды құрайды. Мемлекеттік қызмет - халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру жолындағы жауапты қызмет екенін айтады.
Салтанатты жиында осы салада абыройлы қызмет атқарып, лауазымдық міндетін мүлтіксіз орындаған, жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер түрлі марапатқа ие болды.
Өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен табандылығы арқасында алға басып, қарқынды даму үстінде келеміз. Билік пен бұқара арасында аянбай еңбек етіп жүрген әрбір қызметшіні кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қымбат Садық