Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, өлтірмек болған азамат 8 жылға сотталды. Оған қоса ол жәбірленушіге материалдық және моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы төлейді.

Оқиға 2025 жылдың 6 қаңтарында таңертең болған. Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында көлікте жанжал шыққан, әйелі көліктен түспек болған, бірақ ер адам оны ұзақ уақыт бойы шығармай қойған. Ақыры, әйел оның қолынан сытылып шығып, аялдамаға қарай жүгіре жөнелген сәтте күдікті оны әдейі көлікпен қағып өткен.

Құдабай Сұлтанов, Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

ҚР Қылмыстық процесуалддық Кодекстің 387, 390, 393, 395-398, 402 баптарын негізге алып сот

айыпталушыны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады. Мерзімі 2025 жылдың 8 ақпанынан бастап есептеледі.

Жәбірленуші тарап сондай-ақ бір миллион теңге материалдық және 15 млн теңге көлемінде моральдық зиян үшін талап-арыз берді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Самал Қалиқызы