Павлодар облысында күні кеше болған дауылдан бір адам қайтыс болып, 18 адам медициналық көмекке жүгінді. Жалпы облыс бойынша 40-тан астам нысан зақымданды. Самал Қалиқызы тартқатады.

19 маусым күні Павлодар облысында жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел тіркелді. Табиғаттың тосын мінезі инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп, электр қуатының өшуіне әкелді. Тұрғындардың жарақат алу жағдайлары тіркелді. Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, облыста 18 адам зардап шеккен, оның ішінде 7 бала. Ақсуда 57 жастағы тұрғын қайтыс болды.

Айгүл Мұқышева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Кешегі ураганнан кейін медициналық көмекке 18 адам түсті.2 науқас жағдайы тұрақты. Бір адам мерт болды. 7 бала облыстық балалар ауруханасында. 2 бала жатыр. Қалған бала амбулаториялық көмекке кетті. Перелом болған.

Облыс орталығында 47 нысан, оның ішінде 6 әлеуметтік мекеменің шатырына зақым келді. Ақсу мен Екібастұзда 23 нысан, Баянауыл ауданында - 7 нысан зардап шекті, сондай-ақ Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді. Павлодар қаласы әкімдігімен дауыл салдарын жою бойынша комиссия құрылды.

Данияр Жұмаділ, Павлодар қаласы әкімдігінің ресми өкілі

Павлодар қаласы бойынша 6 білім беру нысаны, 6 жеке тұрғын үй нысаны, осы бағыттар бойынша жұмыс жасап жатыр. Жүргізіп жатыр.

Облыс орталығында 470 ағаш құлаған. Сондай-ақ, өңірдің қалалары мен аудандарының электрмен жабдықтау желілерінде ақаулар тіркелді.

Абзал Қабдраш, 109 бірыңғай call-орталығының басшысы

Жалпы кешегі күннен бастап бүгінге дейін 109-ға 1500 өтініш келіп тіркелді. Қала бойынша ағаш құлау фактілері бойынша 206, төбе жабындыларының ұшуы 26 факті, 400 ден астам өтініш электрэнергиясына қатысты болды. Ақсу, Екібастұздан сондай ақ бірнеше аудандардан хабарламалар келіп түсті.

Көлік иелері бойынша әзірге нақты сандар жоқ, деді қалалық әкімдікте. Осы ретте жеке үйлерге келтірілген шығын көлемі әкімдікпен өтеледі. 100 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Данияр Жұмаділ, Павлодар қаласы әкімдігінің ресми өкілі

Зардап шеккен жеке тұрғын үйлердің иелерін әкімдік тарапынан әлеуметтік көмек көрсететін боламыз. Қаржылай. Шарт-жеке тұрғын үйдің иесі болуы керек. Ал, көпқабатты үйлер бойынша әзірге анықталып жатыр. Комиссия есептейді.

Павлодар қаласында 40 бригада, 100 ден астам адам, 50-ден астам арнайы техника үздіксіз жұміс істеп жатыр. 18 арнайы бригада құрылды, олар электр желілерінің зақымдануларын жоюмен айналысып жатыр.

Асқарбек Омаров, Павлодар облысы ТЖД жедел басқаруды жоспарлау орталығының бастығы

Жалпы 173 елдімекен жарықсыз қалды. Қазіргі таңд а 56 ауыл әлі де электрэнергиясыз, бұл 12 мыңға жуық тұтынушы. Одан бөлек, Май және Баянауыл аудандарында 43 ауылдық округ сусық қалды. 139 арнайы техника, 394 адам, 48 қалыпқа келтіру бригадасы жұмыс жасап тұр. Олардың басым бөлігі Баянауыл ауданында. Онда командалық штабтық көлік ұйымдастырылды. Жағдай бақылауда.

Апат айтып келмейді. Бар болғаны бірнеше минутқа жалғасқан табиғаттың тосын мінезі шығын келтіріп, ең өкініштісі адам өмірін қиды.

Самал Қалиқызы