Шілде айында Павлодар облысында күн құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, ай басында ауа температурасы бірқалыпты жылы болады. Түнде 13 градус, күндіз 35 градусқа дейін ысиды. Кей жерлерде аптап ыстық күтіледі.

Екінші онкүндікте ауа райы аздап салқындайды. Түнде +8°C-қа дейін, күндіз +20°C-қа дейін жылы болады деп күтілуде. Ал, айдың соңына қарай қайта ыси түседі. Маусымдағыдай, шілде айында найзағай соғып, жаңбыр мен екпінді жел болады. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде ауа температуры +37°C-қа дейін ысиды.

Ирина Анохина, «Қазгидромет» РМК ПОФ метеоболжамдар бөлімінің басшысы

Шілде айының орташа температурасы шамамен 19–21 градус болады. Айдың бірінші онкүндігі салқын болады деп күтіледі. Түнде 8–13 градус, күндіз 20–25 градус. Ал, екінші онкүндікте түнгі температура 15–20 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз 25–30 градусқа дейін жылы болады. Үшінші онкүндіктің алғашқы жартысында ауа райы қайтадан салқындап, түнде 8–13 градус болады. Ал екінші жартысында жылынып, түнде 18–23, күндіз 32–37 градус аралығында болады.

Синоптиктердің айтуынша, биыл шілде айында жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан жоғары болады. Жалпы, биылғы жаз – жауын-шашынды әрі құбылмалы болғалы тұр.

Сабина Жолдаспаева