Аққулы ауданы Тілектес ауылындағы су жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ауылдықтар көптен бері айтып жүрген мәселерінің оң шешілгеніне қуанышты.
Тілектес ауылындағы мектеп құрылысы көктемде басталған. Тұрғындар білім ордасының жаңа ғимараты аса қажет екендігін көптеп бері айтып жүрді. Талай жерге жеткізді. 50 жылдан асқан қамыс мектепте одан әрмен оқу қауіпті екендігін айтып, дабыл қақты. Ақыры, тұрғындар тілегінің орындалу сәті биыл түсті. Құрылыс басталып кетті.
Айнұр Бекбауова, тілектес ЖОББМ басшысы
Биылғы жылдан бастап сәуір айынан жаңа мектеп көтеріліп жатыр. ҚҰрылыс жүріп жатыр. Мектебімізде 50 оқушы оқиды. 18 мұғалім жұмыс істеуде. Жаңа мектепте барлық жағдай жасалған. Спорт залы да бар. Асханасы да жақсы. Шағын орталық. Негізі мектеп 70 оқу орнына арналған. 20 орын шағын орталық. Бүкіл кабинеттер жаңа заманған сай техникамен жабдықталады. Осындай әдемі оқу орынан биыл 1-қырк.йектен бастап білім алады. Ризамыз. қуанышымыз шексіз.
Тілектес ауылы мектебінің тарихы тереңде. Мына салынып жатқан білім ордасының орнында ең алғашқы бастауыш мектебі болған екен. Осы ауылда өмір бойы ұстаздық етіп, бүгінде зейнет жасына жеткен ардагерлер Тілектес мектебінің тарихын да айтып берді.
Күлсағира Әубәкірова, ардагер ұстаз
Біздің оқушыларымыз 1972-жылдан бастап, 2025 жылға дейін ескі мектепте оқыды. Спорт залы да болған жоқ. Бәріне ыңғайы болған жоқ. Сонда оқушыларымыз 52 жылдай оқып шықты. Содан кейін ауылдың ата-аналары бәріміз айта бастады, ауылымызға заманауи жақсы мектеп керек деп. Биыл міне сол мектеп салынды. Апрель айында басталды. Қазір сырты тұрғызылған. Ішкі жұмыстары ғана қалды. 1940-жылдары дәл осы жерде бастауыш мектеп болған. Қазір дәл осы жерге жаңа заманауи мектеп салынып отыр.
Қазір құрылыс жұмыстарының көп бөлігі аяқталды. Негізінен ішкі әрлеу жұмыстары қалған. Енді ауылда білім мен тәрбие алып жатқан 70 бала емін-еркін заманау білім ордасында алаңсыз сабақтарын оқымақ.
Мағзұм Рахметов, ардагер ұстаз
Алтын ұя мектебім, құтты болсын! Ішіндегі ұстаздарың мықты болсын! Осы жерден шыққан шәкірттер ертең ел қорғайтын білімді азматтар болсын! Мектебіміз ұзағынан болсын! Осы мектептің ішінен оқып шыққан жастарымыз тек тек бақытты болсын.
Жаңа мектеп білім мен тәрбиеге жаңа серпін берері сөзсіз. Қыркүйектен бастап оқушылар жаңа белестерге шығады деген сенім бар.
Айнұр Бекбауова, тілектес ЖОББМ басшысы
Мына жаңа мектепте оқушыларға спорт жағынан барлық жағдай жасалған. Площадкалар, спорт алаңдары бәрі бар. Біздің мектептің спорт жағынан көп жетістіктері бар. Бұрын балаларымыз айтып жүретін бізде зал жоқ, қай жерде тренировка жасаймыз деп. Соған қарамастан оқушыларға жағдай жасап отырдық. Енді міне спорт зал бар, басқасы бар. Балалар одан да биік жетістікке жетеді деп ойлаймын.
Ауыл көркейсе ғана, елдің берекесі артпақ. Алыс мекендердің гүлденуі ғана барша ел халқына үміт пен сенім сыйлайды.
Жанасыл Серікбол