Павлодар қаласындағы Павлов көшесіндегі аула – бұрынғы жайлы ортадан көзге қораш көрінетін аймаққа айналған. Бүгінде мұнда қоқыс қалдықтары, сынған бөтелкелер мен маскүнемдердің айқай-шуы күнделікті көрініске айналып отыр. Тұрғындар сан рет шағымданса да, мәселе шешімін таппай келеді.

 Қоқыстан тазартып жинап жатсада, келесі күні қоқыс жәшіктерінің күйі қайта сол қалпына келеді. Тіпті ,жағымсыз иісте шығады. Одан бөлек балалар ойнайтын жерде бөтелкенің қалдықтары мен сынған шыныларды да көзіміз шалды.Ата-аналар балаларын аулаға шығаруға қорқатынын жасырмады.

Валентина Бабешко, Павлодар қаласының тұрғыны

Менің осында тұрып жатқаныма 6 жыл болды.Біз көшіп келген кезде аула осындай күйде емес еді. Бірақ уақыт өте келе спиртті ішімдік ішетін адамдар жиналып, отырыс ұйымдастырады. Сондай-ақ, үйіміздің маныңда тәулік бойы жұмыс істейтін дүкен бар.Түні бойы алкогольге сылқия тойып алған маскүнемдер маза бермейді. Айғау-Шу, жанжал мазамызды қашырады.

Тұрғындардың айтуынша, түн ортасына дейін ішімдік сататын дүкен негіз болып отыр. Заң бойынша түнгі уақытта алкоголь сатуға тыйым салынған. Алайда бұл заңға қайшы ма? Бұл ретте полиция не дейді?

Амантай Исламбек, Павлодар қаласы солтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы

Біз аталған аулаларда тұрақты негізде алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер жүргіземіз. Биыл біз дүкендердің бірінде ғана 15-тен астам фактіні анықтадық. Иесі бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материалдар сотта қаралды, заң бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, ауланың тазалығы ең өзекті мәселе. Қоқыс жиналса да, ұзаққа бармайды. Көп ұзамай қайтадан шашылады. Аулада ішімдекке сылқия тойып алған маскүнемдер мен қоқыстан көз ашпаған қоқыс контейлеріне тұрғындар наразы. Жасыл желекке оранған ауламыздың сәнін бұзып, берекемізді қашырды дейді.

Павлов көшесіндегі мәселе тек бір ауладағы ғана емес, қаладағы өзекті проблемалардың көрінісі. Қоғамдық мәдениетті қалыптастыру, заңды қатаң сақтау және жауапты мекемелердің жүйелі жұмысы арқылы ғана тұрғындар тыныштығы қалпына келуі мүмкін.

Дильназ Қуанышбекқызы