Павлодар қаласының жастар бастамаларын дамыту орталығы дәстүрлі Экодесант шарасын өткізді. Еріктілер қолдарына қап алып Усолка аумағын қоқыстан тазалады. Бұл жолы еріктілер қатары «Мисс павлодар» сұлуларымен толықты. Тілшіміз тарқатсын.
«Мисс-Павлодар» байқауының сұлулары тек сахнаға шығып, дефиле өткізіп, өнерлерін көрсетіп қана қоймайды. Олар түрлі қоғамдық шараларға да қатысады. Мысалы, мына сұңғақ бойлы арулар бүгін еріктілер қатарына қосылып, Усолка шағын ауданын тазалады.
Әлия Жорабек, «Мисс-Павлодар» байқауының қатысушы
Біз Мисс Павлодар байқауының финалистері Таза Қазақстан акциясына қатысып отырмын. Біз тек қана сахнада өнерімізді көрсетпей, қала тұрғындарын, қонақтарды тазалыққа шақыру туристерді өздерінің артынан жинап жүруге шақырамыз.
Еріктілер қолдарына қолғаптары мен қаптарын алып қаламыздың тұрғындары мен қонақтары көп демалатын аумағын қоқыстан тазалады. Бұл жерде көбінесе шыны бөтелкелер, қағаз, пластик көп. Сондықтан аумақты қоқыстан арылту жұмыстарына жаңа волонтерлік ұйымдар да қатысты.
Ясин Темірғали, «Жанашыр» волонтерлік ұйымының мүшесі
Біз жаңадан ашылған волонтерлік қозғалыс. Осы бүгін ЦРМи шақырғандай бүгін табиғатты жинайық деп жатырмыз. Біз әрдайым табиғатқа көмек беру керекпіз. Біз табиғатты қорғап әрқашан да аялау керекпіз бұл біздің міндетіміз. Көшеде келе жатқан кезде қоқыс көрсем жинап жүруге тырысамын, жүремін.
Павлодар қаласының коммуналшыларының жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Әлбетте шаһардың бұрыш-бұрышын тазалап, эко шараларды ұйымдастырады. Бірақ бұл аздық етеді, сондықтан осы жағдайда еріктілер ұйымы көмекке келеді.
Айжан Қали, жастар бастамаларын дамыту орталығының бөлім басшысы
Осы іс шараға бізде қатысып отырған «ашық жүрек» еріктілері, «Жанашыр» бастамашыл тобы және Мисс Павлодар қатысушылары қатысып отыр. Ұйымдастырған себебіміз. Павлодар қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қаламызды таза ұстап отыр, біз жастар болып, көмек ретінде шықтық. Үнемі ұйымдастырып отырамыз. Сол мақсатпен келіп отырмыз.
Экологиялық акциялар бір реттік көше тазалаумен, флэшмоб өткізумен шектелмейді. Сондықтан жастар арасында эко сауаттылықты арттыру да маңызды.
Самал Қалиқызы