Биылғы жаздан бастап Павлодар қаласының орталық жағалауы мен Усолка аумағында заң бұзушылықтарды тіркейтін дрондар ұшырыла бастады. Сонымен қатар, бұл аймақта квадрациклмен патрульдейтін полиция қызметкері де кезекшілік етеді. Жаңа тәсілдің тиімділігі қандай? Қанша құқықбұзушылық анықталды? Бұл туралы толығырақ тілші материалында.

Заманауи құрылғылар полиция қызметкерлерінің жұмысына сеп. Павлодар қаласы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметінің бастамасымен жағалауда пилотсыз ұшу аппараттары арқылы бақылау жүргізу жобасы қолға алынды.Жағалауда ішімдік ішіп, ұрлық, ұсақ бұзақылық жасаған азаматтар дронның қырағы көзіне түсіп, қылмыстың бетін ашады. Тәртіп сақшыларына шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Осы уақыт ішінде құрылғы тиімділігін көрсетте білді. 200 ден аса құқық бұзушылық анықталып, хаттама толтырылды.

Захар Стрельников, Павлодар қаласының патрульдік полиция инспекторы

Біз күнде дронмен шығамыз. Патрулировать етеміз. Сағат 12.00-ден 16.00 ге дейін. Ішетіндерді, шомылатындарды бәрін анықтаймыз. Осы дрон арқылы. Качествосы өте жақсы. Бізге көмектесе осы дрон арқылы біраз нәрсе анықтады. Осы дрон арқылы ұрлық болады. Сумка жоғалтады адамдар. Соның бәрін анықтаймыз дрон арқылы. Биіктігі 500 метрге дейін барады. Былай 3 км барады. Біз Усолка, набережкада жүреміз. Адамдар шомылатын, распитие болатын жерде. Жағалауда квадрациклмен кезекшілік жүргізетін қызметкер күн сайын бірнеше мәрте аралау жүргізіп, заңбұзушылықтардың алдын алуда. Сондай-ақ жақында болған қайғылы оқиғадан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жағалаудың жоғарғы және ортаңғы қабаттарында самокат, велосипед, гироскутер және өзге де көлік құралдарымен жүруге тыйым салынды.

Абылайхан Алпысбай, Павлодар қаласы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары

Самокаттың жаяу жүргіншілерге соқтығысуын алдын алу мақсатында жоғарғы және ортаңғы қабатта жүруге болмайды. Электросамокат, велосипед, гироскутер және өзге де көлік құралдарымен қозғалыс тек төменгі яруста орналасқан веложол арқылы жүзеге асырылады. Естай және Қайырбаев түсу жолдарының әр жағынан 3.9 жол белгілері орнатылған. Бұл белгілер аталған көлік құралдарымен қозғалысқа тыйым салынатынын білдіреді. Аталған мәселе үнемі бақылауда.

Мереке және демалыс күндері, сондай-ақ Ертіс променад сахнасында өтетін шара кезінде Естай және Лермонтов көшелерінен жағалаудың төмен жағына жүрУГЕ болмайды. "Қызыл аймақ" енгізілді. Енді бұл аумақта қозғалыс шектеледі — яғни, егер пайдаланушы электросамокатпен жүргісі келсе, көлік құралы автоматты түрде жүрмейді. Айта кетейік, аталған талаптарды бұзған азаматтар әкімшілік кодексінің 615-бабы бойынша айыппұл арқалайды.

Әйгерім Тоқпанқызы