Павлодар облысында қысқы мал азығын дайындау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 36 мың тонна жем-шөп дайындалған. Бұл жалпы жоспардың 26 пайызы.
Павлодар облысында биыл 450 мың бас ірі қара, 615 мың қой мен ешкі, 273 мың бас жылқы қыстайды деп күтілуде. Осыншама малды қыстын қысылмай алып шығу үшін 1 млн 259 мың тонна шөп, 97 мың тонна пішендеме, 197 мың тонна сүрлем, 182 мың тонна сабан жинау жоспарланған. Облыста жалпы шабындық алқабы 1 млн 423 мың гектар.
Жем-шөп дайныдау жұмыстарына 5154 трактор, 86 комбайн, өзге де техника түрлерлері дайындалған. Сондай-ақ, облыста дәнді дақылдардың даму фазалары да бақылауда.
Дәнді дақыл алқабының 81 пайызы жақсы жағдайда, 18 пайызы қанағаттандырарлық деп бағалануда, Ал, майлы дақылдар алқабының 95 пайызы жақсы жағдайда. Орақ науқаны тамыз айының екінші онкүндігінде басталмақ.
Жанасыл Серікбол