Бұдан кейін аппаратты жиында өңірде жүзеге асып жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау және осы саладағы заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Биыл жыл басынан бері 64 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 86 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған екен.
Тексеру барысында 477 хабарлама түскен. Оның 158-і – мемлекеттік нысандар бойынша. Бақылау-қадағалау қызметі орындалып, тексеру нәтижесінде 49 әкімшілік бұзушылық анықталды. 23 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Басқарма басшысының айтуынша бұл көрсеткіштер салада әлі де заң талаптарын сақтамау деректері бар екенін көрсетеді. Атап айтар болсақ, Актогай ауданында заң талаптарына сай салынбаған бірнеше нысан бар.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
қала аудандарды аралап жүрміз. Ақтоғай Тереңкөлген бардық. Проблемалық нсындар бар. Іс сапар барыснда мен бірнеше тапсырма бердім. Оның іберуі Жалаулы ауылының су құбырын сапасын тексеру, Әуелбек ауылында мектеп жөндеу жұқмыстары жөнінде. Сол. Не істедіңіздер.
Басқарма басшысының айтуынша, аталған мәселе бойынша алғашқы шешімдер қабылданып, олқылықтарды жою жұмыстары жүргізілуде
Нұрбек Қонротбаев, Павлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
Жалаулы ауылында су құбыры құрылыс жұмыстары бойынша басқарма тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның нәтижесінде тапсырыс берушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.Сондай-ақ, 2024 жылы көктемгі су тасқыны кезінде су айдау станциясының аумағы су астында қалып, салдарынан таза суға арналған резервуарлар мен сорғы жабдықтарына зақым келгені анықталды. Қазіргі таңда кепілдік міндеттемелер аясында бұзылған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, су ұңғымаларын қайта құю және сорғы қондырғыларын қалпына келтіру шаралары қолға алынған.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Асайын Байханов әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инженерлік инфрақұрылым бойынша құрылыс жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.
Әйгерім Тоқпанқызы