Мемлекет білім саласын дамыту жолында әр түрлі жобаларды іске асыруда. Әсіресе ауылдық елдмекендердегі мектептердің материалдық-техникалық базасының қалыптасуына басымдық беріліп отыр. Мәселен, Железин ауданы Мыңкөл ауылындағы негізгі мектептің оқушыларына арналып спорт зал салынуда.
Құрылысы жүріп жатқан бұл спорт зал Железин аудандық әкімдігі, білім бөлімі және инвестор арасындағы үшжақты меморандум аясында іске асып отыр. Спорт зал мектеп іргесіне салынуда. Оқушылар білім ордасынан сыртқа шықпай-ақ, спорт залға баруына жағдай жасалады.
Нұрлан Қапаров, Железин ауданы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі
Мыңкөл мектебі 2012 жылы салынған болатын. Содан бері спорт зал болмады. Балаларға дене шынықтыру пәнін өткізу қиын еді. Әсіресе қыс мезгілінде балалар осы пәнмен толық айналыса алмады. Сондықтан, осы жобаны қолға алдық. Мектепте 1-9 сынып аралығында 45 бала білім алады. Тағы 6 бала мектепалды даярлықта. Жоба құны 77 млн теңге. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінді...из облостного бюджета.
Білім ордасының бұл ғимараты 2012 жылы салынған. Ауыл балаларының заманға сай білімнен қалмауына қызмет етіп келеді. Алыстағы елдімекен демесеңіз мектеп 9 сыныптық бағдарламаны еркін игерген. Тек, спорт зал жоқ еді.
Бауыржан Әміров, Мыңкөл негізгі мектебінің басшысы
Бұған дейін спорт залымыз болған жоқ. Қазіргі уақытта салынып жатыр. Өте қуаныштымыз. Балаларымыз спортпен айналысып, үлкен жетістіктерге жетеді. Тек қана қуаныштымыз. Балаларымыз спортпен айналысып, білімді болу үшін. Балаларымыздың денсаулықтары мықты болып және білімді балалар болуы үшін сондай ғимарат салыпы жатыр. Өте қуаныштымыз. Бұған дейін бізде аудан бойынша бірінші орындар бар. Үстел теннисінен. Және жүгіруден. Енді спорт залда волейбол, баскетбол сияқты спортан аудандық, олыстық деңгейге жетіміз деп.
Осы ауылға жасалып жатқан игілік алдымен ауыл тұрғындарының, ата-аналардың қуанышы. Олардың айтуынша, балалар бұл ғимараттың пайдалануға берілуін асыға күтіп жүр.
Марина Смык, Мыңкөл ауылының тұрғыны
Бәріміз ризамыз. Әсіресе балалар қуанып жатыр. Менің ұлым осы мектеп оқиды. Күн сайын келіп көріп кетеді. Суретке түсіріп, болашақ спорт залдың асыға күтуде. Бәріміз 1-қыркүйекті асыға күтудеміз. Осы жобаны қолға алған жандарға ауыл тұрғындары атынан алғыс айтамын. Менің ұлым тенниспен айналысады. Бұрын спортпен кеңінен шұғылдануға мүмкіндік аз болды ғой. Енбі бәрі орнына келеді деп ойлаймыз.
Спорт залдың құрылысы аяқталған соң білім бөлімі сатып алады. Үш жақты ме морандум арқасында оқушылар алаңсыз спортпен айналысуға мүмкіндік алды.
Жанасыл Серікбол