Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жыл басынан бері сауда орындарындағы тауарларға жоспарлы тексеріс жүргізіп, сынамалар алған. Нәтижесінде бірқатар өнімдерде қауіпсіздік талаптарының сақталмағаны белгілі болды. Әсіресе, азық-түлік, ойыншықтар мен текстиль бұйымдарынан елеулі сәйкессіздіктер анықталған.
Мамандар жарамсыз өнімді сатылымнан алып тастады. 1333 тауар, 818 азық-түлік, 515 басқа заттар. 340 өнім талапқа сай емес екені белгілі болды. Атап айтар болсақ Солтүстік Қазақстан облысынан жеткізілген ұнның құрамында темір мен мырыш қажетті мөлшерде болмаған. Өнімдерде тиісті таңбалау жоқ. Көптеген азық-түлік пен тұрмыстық тауарда мемлекеттік тілде ақпарат жазылмаған, ал кейбірінің құрамы толық көрсетілмеген.
Гүлнәр Ақылбекова, Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Ол көбінесе азық-түлік және емес өнімдері. Ойыншықтар, текстильді өнімдер. Кондитерлік өнімдер олардың көбінде маркировка болмаған. Мемлекеттік тілде ақпарат болмағандықтан. Азық-түлік өнімдерін айтсақ екі сынамасында форсификацияланған жоғары сұрыпты бидай ұнында. Физикалық, химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Мырыш мөлшері аз болғандықтан. 7,5 мл бір килограммға. Нормасы бойынша 20-30 мл бір киліге келгенде. И темір 42 Бізді Қазақстанда жоғары сортты ұн жоғары фортификацияланған болу керек.
Сондай-ақ, жұмсақ ойыншықтар арасында да адам денсаулығына зиянды тауарлар табылған. Мұндай ойыншықты бала аузына салғанда, улы заттар ағзаға енуі мүмкін. Қыз балаларға арналған мектеп киімдерінде де сәйкессіздік бар.
Гүлнәр Ақылбекова, Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Аю сквиш ойыншығында ылғалды өңдеу әсерінен тұрақсыздық анықталды. Бала ойынағанда аузына салады. Неустойчивать, миграция веществ в организм қыздарға арналған ақмектеп блузкасында нормалары 0,9 пайыз. Ал нормасы бойынша кемінде 7 пайыз болу керек. Бала ол киіммен жүргенде терлейді. Температурасы көтеріледі. Сондай болуға мүмкіндік бар.
Мамандар ата-аналарға тауар сатып аларда таңбалауға, өндіруші туралы ақпаратқа және сапа көрсеткіштеріне ерекше назар аударуға кеңес береді.
Әйгерім Тоқпанқызы