Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен «Semei» және «Ertis» телеарналарының 60 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Жидебайдан – Жасыбайға» телеэкспедициясы өз сапарын жалғастыруда. Осы ауқымды жобаның аясында Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияда тағылымды дөңгелек үстел өтті.
Шараны С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Абай атындағы гимназия және «Ertis» телеарнасы бірлесе ұйымдастырды. Жергілікті зиялы қауым өкілдері мен әдебиеттанушылар, жастар өкілдері бас қосып, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы, бүгінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы жайында терең пікір алмасты.
Азамат Кәлімбек, «Semei» телеарнасының журналисі
Күні кеше таңнен бері басталған біздің экспедициямыз Ертіс ұжымымен бірге Абайдың туған жері Семей өңіріне жолға шықтық.Қарашаңырақ музейден бастап, жолда Күшікбай батыр бұлағының суын ішіп сол батыр бабаларымыз сияқты сезініп Мұхтар Әуезовтың музейіне бардық.Әріптестерімізбен сол жерде жақынырақ таныстық.
Экпедиция жалғасын тауып келесі аялдама Ескелді шатқалы болмақ.. Мұнда Абай мен Мәшхүр Жүсіптің тарихына зер салынады.
Айтмұхамбет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы, профессор
Абай дана жүрегінің бойына терең бойла,мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла демекші Абай жұмбақ адам.Оны әлі келесі ғасырға дейін жете бермек. Абайдың әрбір өлеңі дара, і. Абай күн, иАбай жұлдыз қолынды созсаң жетпейсін,бңірақ оқу арқылы жетесін.Абайдың әрбір қарасөздерінің үзінділері әрбір үцде ілулі тұрса артық етпейді.
Дөңгелек үстел аяқталған соң, қатысушылар Абай мүсініне гүл шоқтарын қойып, хәкім рухына тағзым етті. Бұл — ұлттық руханиятқа, тарихи мұраға деген құрметтің жарқын көрінісі болды. «Жидебайдан – Жасыбайға» экспедициясы ұлт тарихы мен мәдениетін зерделеу, жас ұрпаққа Абай мұрасын насихаттау жолында жалғасуда.
Дильназ Қуанышбекқызы