Бүгін Павлодар қаласының қан тапсыру орталығында ерекше акция өтті. Гемопоэтикалық жасушалар донорларының ұлттық тіркелімі жүргізілді. Бұл бастама елімізде қатерлі аурулармен күресіп жүрген мыңдаған адамға үміт сыйлайды.

Шараға қан тапсыруға өз еркімен 34 адам қатысты. Бұл – ұйымдастырушылар белгілеген жоспарлы көрсеткіш. Айта кетейік, мұндай қан тапсыру акциясы жылына екі рет өткізіледі. Биылғы алғашқы шара қаңтар айында өтіп, онда 44 адам донор болған еді.

Гемопоэтикалық жасушалар доноры – бұл ауыр дертке шалдыққан жандар үшін үміт. Сүйек кемігі лейкемия, апластикалық анемия, иммун тапшылық және онкологиялық аурулармен күресетін науқастар үшін таптырмас ем. Қазақстанда әр 10 мың адамға шаққанда бір ғана сәйкес донор табылады.

Алексей Сторублевцев, донор

Мені әр кез қан тапсыратын донор ретінде шақырады.Жылына 4-5 рет қан тапсыруға тырысамын.Маған сүйек кемігінің доноры болуға ұсыныс жасады.Науқас жандардың өмірін сақтап қалу үшін неге тапсырмасқа деп ойладым. Өз келісімімді бердім.

Донор болу – бұл тек қан тапсыру емес, бұл – біреудің өмірін сақтап қалу мүмкіндігі. Павлодарлық еріктілердің бұл әрекеті өзгелерге де үлгі болары анық.

Дильназ Қуанышбекқызы