Павлодар қаласында 28 шілдеден бастап оңтүстік желі ауданында жөндеу жұмыстарынан кейін жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар басталады. Осыған байланысты бірнеше көшеде ыстық су уақытша өшіріледі.

Мамандар тұрғындардан жылу желілері өтетін аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Надежда Тюрина, , «Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы

28 шілдеден бастап оңтүстік желі ауданында жөндеу жұмыстарынан кейін жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар басталады, Осыған байланысты 28 шілде мен 1 тамыз аралығында Естай, Абай, Кривенко, Малайсары батыр, Камзин көшелері шекарасында, сондай-ақ Екінші Павлодар, Шығыс, Усольский, Дачный, Достық, Сарыарқа шағын аудандарында, Зеленстрой кентінде орналасқан тұрғын үйлерде ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ, 2сі мен 6шы тамыз аралағында сынақтар қаланың солтүстік бөлігінде жалғасады.

Надежда Тюрина , «Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы

Гидравликалық сынақтардың басталуына байланысты Камзин, Малайсары батыр, Естай, Қабанбай батыр, Нүркин, акад. Марғұлан, Астана, Набережная, Олжабай батыр, Торайғыров, С. Нұрмағамбетов көшелері шекарасында, сондай-ақ Химгородок шағын ауданында, Солтүстік өнеркәсіптік аймақта орналасқан үйлерде ыстық су беру тоқтатылады.

Сынақтар аяқталғаннан кейін, жылу желілерінен ақаулар анықталмаған жағдайда және техникалық мүмкіндік болған кезде ыстық су қайта беріледі. Ал зақымдалған желілер жөнделген соң ғана сумен жабдықтау қалпына келтіріледі.

Дильназ Қуанышбекқызы