Павлодар қаласында қайғылы оқиға орын алды. Нұрмағамбетов көшесіндегі бес қабатты үйдің терезесінен екі бала мен келіншек есік үстіндегі маңдайшасына құлаған. Жедел жәрдем қызметі 6 минутта жетіп, ауруханаға жеткізген. Қазір олардың жағдайы ауыр.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, қазір 2024 жылы туған бала клиникалық өлім жағдайында. Қабылдау бөлімшесінде барлық реанимациялық көмек көрсетілді. Бас миы зақымданып, ішкі органдары қатты жарақаттанған. Ал, 2017 жылы туған баланың жабық бас ми жарақаты, жамбас сүйектері сынған. Тиісті ем-шаралары жасалып жатыр. 1991 жылғы әйелдің жағдайы да ауыр, реанимацияда жатыр.
Сәуле Шәкенева, Павлодар облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл
Әйел медициналық есепте тұрған. Ол босанудан кейінгі депрессиямен байланысты дәрігерлердің бақылауында болған. Соңғы рет осы жылдың 1 шілдесінде қабылдауға барған. Жағдайы тұрақты болған. Сол себепті дәрігерлер де ешқандай алаңдаушылық байқамаған.
Көршілерінің сөзінше, отбасы осы үйде 4 жыл пәтер жалдап тұрған. Әйел жолдасымен бірге екі баласын тәрбиелеп отырған. Жанұя қарапайым өмір сүрген. Қылмысьық іс қозғалды.
Болат Нұрсейітов, Павлодар облыстық пд бастығының бірінші орынбасары
Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себеп салдары тергеу барысында анықталатын болады. Алдын ала мәлімет бойынша әйел медициналық есепте тұрады. Жергілікті жерде тергеу тобы жұмыс істейді.
Айта кетейік, Павлодар облысында жыл басынан терезеден 14 бала құлаған, оның 4- еуі қайтыс болған.
Самал Қалиқызы