Өңірдегі ауылдарда мобильді байланыс және интернетпен қамту жұмыстары жалғасуда. Қазір 352 ауылдың 342-сі ұялы байланыспен қамтылса, 345 ауылда мобильді интернет қолжетімді. Соның ішінде 166 ауылда 4G, ал 89 ауылда 3G желісі жұмыс істейді. Бұл саланы дамыту үшін жол картасы әзірленген. Оның орындалу барысы бүгін облыс басшысының қатысуымен өткен аппараттық жиында айтылды.
Облыста ұялы байланыс, интернет мүлде жоқ 7 ауыл бар. Бұл негізінен халық саны аз, инфрақұрылымы төмен шағын елдімекендер. Мәселен, кейбірінде тұрғындар саны небәрі 35-70 адамды құрайды. Қазір ақпарат ғасырының дәл ортасында өмір сүріп келеміз. Ұялы байланыс пен интернет тек қалада ғана емес. Ауылда да ұстап тұру керек.
Ағыбай Әмірин, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы
Ағымдағы жылы жол картасы аясында картел комапниясыен жүргізілген келіссөздерге сәйкес әкімдіктер мұнара салған жағдайда облысымыздың қосымша 9 ауылында базалық станциялар ортануды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта 6 елдімекенде Айнакөл, Белоусовка сынтас, Қарағаш, Қызылқақ, сілеті және оларды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Онымен қоса Ақтоғай ауданы Харьковка ауылында 25 метрлік діңгек орнатылды. Өз жабдықтарын ауыстырады.
Сондай-ақ, Ертіс ауданындағы Қызылқақ және Баянауыл ауданындағы Қызылшілік ауылдары байланыспен қамтылады. Біржанкөл мекені де бұл тізімге енген.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мысалы Қызылқақ Ертіс ауданында. Және Қызылшілік Баянауыл ауданында. Кейбір ауылдарда тас жолдар жоқ, ұялы байланыс қиын болады. Мысалы Біржанкөл. Иә шағын ауыл. Сол ауылдар бойынша қандай жоспар бар.
Сілеті ауылында базалық станцияларын «Картел" компаниясы үш антенна-діңгек қондырғысын орнатты. Ауылдарда желі тарту жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады.
Ағыбай Әмірин, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы
Картел компаниясымен осы компания ертіс ауылына 3 діңгек ортанады. Жалпы біз он осындай ауылдарды қамтамасыз етіледі. Аталған ауылдар, соның ішінде Біржанкөл, Жусан мобайл компаниясы, Қызылқақ, Сілеті ауылдары да жылдың соңына дейін сапалы интернет пен және ұялы телефонмен қамтамасыз етіледі.
Мобильді байланыстан бөлек, ауыл мектептерін интернетке қосу мәселесі айтылды. Былтыр өңірдің 128 мектебі интернетсіз болған. Оның 33-іне Starlink жүйесі арқылы байланыс орнатылса, биыл тағы 42 мектепке желі тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 25 миллион теңге бөлінген. Орта есеппен бір мектептің интернет қызметіне ай сайын 150 мың теңге жұмсалады екен.
Асайын Байханов,Павлодар облысының әкімі
Одан кейін екінші ертең ауылдарда орналасқан мектептерде жылдам интернет болу керек. Айырмашлыығы жоқ болмау керек. Шағын ауылда тұр ма әлде орталықта тұрма айырмашылық болмау керек. Бірақ ол толықтай қамту керек. Ұялы байланыс пен интернет желісі халықтың өмір сүру сапасына әсер етеді. Ауыл түгілі, тіпті облыс орталығының кейбір аумақтарында да ұялы байланыс жоғалып кетеді. Мамандар бұны аймақтарда діңгек орнату – инфрақұрылымның шектеулі болуымен байланысты дейді. Облыс әкімі органдарға ұялы байланыс сапасын жақсарту бағытында жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.
Әйгерім Тоқпанқызы