Ұлттың рухани әлемінде ерекше орын алатын ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған даналық мұра. Осы қастерлі мұраны жаңа форматта насихаттау мақсатында әзірленген Абайдың қара сөздерінің жаңа дауысталған аудиожинағы жарық көріп, ресми түрде таныстырылды.

Абайдың қара сөдері аудиоформатта Павлодарда алғаш рет жарық көрді. Ал маңызды мәдени жобаның жүзеге асуына «AMANAT» партиясы қолдау білдірді.

Айнұр Мұхамедьярова, «Amanat» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары

 «Абай мұрасы – мәңгілік бағдар» жлбасы арқылы Абайдың қара сөздерін заманауи аудиоформатта тыңдаушыларға жол тартып отыр. Бұл жастарға жақын тілде, жаңа технология көмегімен Абай мұрасын насихаттаудың тиімді жолы. Аудиожинақ мектептер мен жоғары оқу орындарында, кітапханаларда, мәдени орталықтарда, қоғамдық орындар мен көліктерде пайдалануға тиімді құрал.

Аудиожинақта Ұлы Абайдың 45 қара сөзі радиожүргізуші Елдос Төлеубаевтің дауысымен көркем түрде жазылып, музыкалық фонмен сүйемелденген. Жобаны жасауға екі ай уақыт кеткен. Автордың айтуынша, 45 қара сөзді жазу оңай болмаған. Тыңдаушыға терең әсер ету үшін мәтін интонациясы мен дыбыстық сапасына ерекше көңіл бөлінген.

Елдос Төлеубаев, радиожүргізуші, аудиожинақтың дыбыстаушысы

Бала күнгі арманымды бүгін жүзеге асырдым десемде болады. Неге десеңіздер, мектеп қабырғасында оқып жүргенде Абай оқуларына қатысқан едім. Сол кезде дайындық үстінде ұстазым касетада жазылған Нұрлан Өнербаевтің жазбасын берді.Сол кезде маған мынадай бір ой келді. Менде неге осылай жазбасқа, дауысымды кейінгі ұрпақ тыңдап, дайындалса екен деген арман болды.

Аудиожинақ заманауи стандартқа сай дайындалып, интернет-платформаларға жүктеледі. Сондай-ақ, автобус пен трамвайда қосылып тұрмақ. Бұл бастама — Абай мұрасына заманауи әдіспен жан бітіру, ойды тыңдау арқылы сезіну мәдениетін қалыптастырудың жарқын үлгісі болып отыр.

Дулат Әбетжанов, «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы

Осындай аудиожазбалар егемен еліміздің мүддесіне лайықты, жан-жақты дамыған, ұлттық сана, ұлттық психология қатысқан қоғамымыздың ертеңгі иелері бұл жастар. Сондықтан, осы жастарға үлкен бір көмек ретінде, қолдау ретінде жасалған аудиожинақ деп есептеймін.

Бұл аудиожинақ Абай мұрасын кең аудиторияға қолжетімді етіп жеткізудің жаңа жолы. Қара сөздердің заманауи аудиоформаты – ұлы ойшылдың сөзін тыңдап, терең түсуге мүмкіндік бермек.

Қымбат Садық