Павлодарда шаңғы роллерінен ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің түкпір түкпірінен 300 ден астам спортшы қатысады. Алғашқы нәтижелер шығып үлгерді. Тілшіміз айтсын.
Еліміздің түкпір түкпірінен спортшылар жиналып, Зеленая роща базасында шаңғы роллерінен жарысты. ҚР чемпионатында қарсыластарын баса озып, Нариман Бірімжан абсолютті чемпион атанды. Осыған дейін ол 4 рет Қазақстан Республикасы Чемпионатына қатысқан.
Нариман Бірімжан, қатысушы
Мен осмы спортқа 20218 жыл келдім. 8 жыл бойы қатысып келемін. Жазғы чемпионатта 4 алтын алдым. Осы жарыста абсолютті чемпионат болдым. Кандидат мастера спорта дәрежесін алдым.
Осы күндері Павлодар қаласында шаңғы роллерінен ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Дәстүрге айналған жарысқа 300-ден астам спортшы қатысуға бел буды.
Евгений Кисляков, шаңғы роллерінен ҚР чемпионатының бас төрешісі
ҚР шаңғы роллерінен жазғы чемпионатына еліміздің түкпір түкпірінен 12 команда келді. 328 спортшы қатысып отыр. Үш жас санаты бойынша жасөспірім ұлдар мен қыздар жарысады. Бүгін төртінші жарыс күні. Осыған дейін кросс, коньки жарысы, шаңғы роллерлерінде классикалық түрде жүгірдік. Сосын эстафеталық жүгіріс болды.
Бірнеше күнді қамтыған чемпионаттың нәтижесі бірнеше жыл өзгеріссіз деді ұйымдастырушылар. Ақмола командасы қазір көш бастап тұр. Ал, Павлодар командасы екі медаль алып үлгерді.
Евгений Кисляков, шаңғы роллерінен ҚР чемпионатының бас төрешісі
Бізде қазір Ақмола облысы көш бастап тұр. Былай қарасақ, көрсеткіш өзгеріссіз, жылдағыдай. Ақмола, Қостанай, Абай, Ақтөбе , Қарағанды облыстарының нәтижесі жақсы. Павлодар 6-7 орында . Бізде қазір екі медаль бар.
Павлодар облысы шаңғы роллерінен ҚР чемпионатына жоғары деңгейде дайындалған. Шаңғы роллерінің жолағы жаңартылды, жаңа база салынды. Айта кетсек, соңғы 20 жылда жасөспірімдер арасында шаңғы роллерінен қысқы және жазғы чемпионаттарын Павлодар өткізеді.
Самал Қалиқызы