Келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде біраз өзгерістер орын алады. Енді сақтандырылмаған жұмыссыз азаматтар үшін жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі. Сәйкесінше әкімдіктер облыстағы азаматтарды барынша тезірек жұмыспен қамтуға әрекет етеді. Бұдан басқа тағы қандай өзгерістер күтіп тұр?

Қазіргі таңда Павлодар облысында 85,6 пайызы сақтандырылған. 110 546 адам медициналық сақтандырумен қамтылмаған. Осы ретте енді жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында біраз өзгерістер енгізілді.

Жангелді Шаймбетов, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры ПОФ басшысы

Енді жергілікті атқарушы органдар кейбір санаттағы жатаатын адамдарға жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады. Осы шаралардың нәтижесінде шамамаен 30 мыңнан астам адам Павлодар облысында қосымша МӘМС жүйесімен қамтылмақ. Ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жергілікті бюджет есебінен төленеді. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамту мәселелерінде қабылдауға ынталы болады.

Келесі өзгерістер, біраз уақыт жарнаны төлемеген азаматтарда енді сақтандыру мәртебесі сақталады. Яғни кемінде 5 жыл жарна төлеп, уақытша тоқтаса 6 айға дейін медициналық көмекті алуға мүмкіндік бар.

Жангелді Шаймбетов, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры ПОФ басшысы

Қабылданған нәтижелерге сәйкес онкологиялық скринингтер 2026 жылдан бастап МӘМс жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан тегін болады.стационарды алмастыратын көмек кіреді.

Сонымен, енді скринингтер толығымен тегін болады. Бұған дейін, онкосырқатты анықтаудың алғашқы кезеңі ғана тегін болатын, ал екінші кезеңде диагностикалау тек сақтандырылғандарға ғана ақысыз ұсынылатын. Сәйкесінше көп азаматтар емделмей, ауруды асқындырып алатын. Сондықтан енді скрининг біздің елде барлық азаматтар үшін тегін болады. Себебі, қазір Орталық Азияда Қазақстан онкология бойынша бірінші орында екен. Сондай-ақ, жарна есептеу шегі өзгереді. 2026 жылдан бастап жарналар мен аударымдар есептеу үшін қолданылатын табыс көлемінің жоғарғы шегі жаңартылады.

Жангелді Шаймбетов, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры поф басшысы

Өздеріңіз білесіздер 15 жеңілдетілген жарна бар. Оған балалар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жүкті әйелдер тағы басқа 15 санат кіреді. Осы санат бойынша ең төменгі төлемдер 2037 жылға дейін 4,7 пайызға өсу болады.

Ал, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін аталмыш жарна өзгеріссіз қалады.

Самал Қалиқызы