1 тамыздан бастап елімізде ауыл шаруашылығы санағы басталады. Өңірде 100-ден астам сұхбат алушы жұмыс істейді. Оларды қалай тануға болады? Жалпы санақтың негізгі мақсаты қандай?

Ауыл шаруашылығы санағын өткізудің мақсаты – аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу. Санақты жүргізген кезде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру арнайы құрылған комиссияға жүктеледі.

Әсемгүл Оразалина, Павлодар облысы статистика департаментінің басқарма басшысы

Бірінші кезең 1 тамызда басталады. Бұл санақ онлайн түрде өткізіледі. 31 тамызға дейін болады. Бүкіл ауыл шаруашылығына қатынасы бар кәсіпорындар, жеке қожалықтар қатысады. Онда сауалнама жүргізеді.

Қазақстанда осыған дейін ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бір рет қана, 2006-2007 жылдары өткізілген. Осы жолы өңір бойынша ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңінде 100-ден астам интервьюер ақпарат жинауға шығады. Оларды киімдерінен алыстан тануға болады.

Әсемгүл Оразалина, Павлодар облысы статистика департаментінің басқарма басшысы

Осы санақты өткізуге интервьюер тартылады. Басында кепкалары, куәліктері болады. Осы департаменттен, куәліктегі кю-ар код алуға болады.

Айта кетейік, жиналған ақпарат «Мемлекеттік статистика» заңы аясында құпия сақталады. Яғни мәліметтер салық, басқа органдарға жіберілмейді. Жалпы Павлодар облысы бойынша 8 мың ауыл шаруашылығы ұйымы, 60 мың үй жайды қамту жоспарланып отыр.

Самал Қалиқызы