Май аудандық ауруханасына өткен жылы 7 маман жұмысқа келді. Биыл олардың қатары тағы 2 дәрігермен толықты. Ауданда дәрігерлер тапшылығы осымен шешілді ме? Тілшіміз айтсын.

Май аудандық ауруханасында мамандар қатары жыл сайын толығып келеді. Мәселен, бұл Жақсылық Адикұлы елдімекен тұрғындарына реанимациялық, анестезиялық қызметін ұсынады.

Жақсылық Адикұлы, Май аудандық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері

Бізге енді аудандық көлемде әкімдік тарапынан, аурухана тарапынан жәрдемақылар, көмекақылар тағайындалды. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» жіберілгендер ақшаларымыз да тағайындалды. Олардың бәрін біз алдық. қазір май ауданы әкімдігі берген үйде тұрым жатырмыз. Ары қарай да «Дипломмен ауылға» аясында 0,1 пайызға үй алуға өтініш беріп қойғам, күтіп жүрмін. Сонымен үй алу ойымыз бар. Шындығында келетін болсақ, анестезиолог-реаниматаолог дәрігер бар жерге керек. Дегенмен аудандағы мүмкіндіктер қалада жасалмайды.

Ал, келесі кейіпкеріміз Түркістан қаласынан келген Гүлнар Маткәрімқызы. Бір жыл бұрын жолдасы осы Май аудандық ауруханасына хирург қызметіне келген, артынша міне жұбайы да дәрігерлер қатарына қосылды.

Гүлнар Абдулахатова, Май аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері

Бұл жаққа келген себебіміз жастар мүмкіндік көп. Дипломмен ауылға көп шанстар беріп отыр. Болашақты ашып отыр. Көтерме қаражат, үй беріледі. Алдымен қаржылай жағынан, өз білімімізді арттыруға, оқу жағынан жақсы болу үшін келдік.

Дәрігерлердің сөзінше, жергілікті тұрғындар ақ халатты жандардың сөзіне құлақ асады екен. Берген кеңестерді орындайдыы.

Гүлнар Абдулахатова, Май аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері

Мен частныйда жұмыс жасаған соң бұл мемлекеттік емхана болып жатыр ғой. Халық жақсы күнделікті келеді. Кмисімді ашып қарасаңыз болады. Халықтың бір жақсысы, ауылда тұрғындарды шақырасыз олар міндетті түрде келеді. Анализ тапсыр десеңіз, флюра келіңіз десе бірден келеді. Сол жағы жақсы халықтыкі. Ол кісілер де көмектесіп жатыр.

Өткен 2024 жылы Май аудандық ауруханасына 7 маман келді. Олар жалпы тәжірибилік дәрігер, невролог, анестезиолог-реаниматолог, хирург келіп, кадр тапшылығы мәселесін біраз шешті.

Рымгүл Құсайынова, Май аудандық ауруханасының бас дәрігерінің М.А

Биыл бізге екі маман келді. Біреуі дәрігер жалпы тәжірибелік дәрігер, екінші іакушер гинеколог дәрігер. Қазіргі таңда инфекционист дәрігер, дерматовенеролог дәрігердің тапшылығы бар. Кадо тапшылығына байланысты Павлодар, Ақсу, Курчсато қаласынан аптасына бір рет отоларинголог, офтальмолог, кардиолог дәрігерлері келіп тұрады.

Қазір Май аудандық ауруханасында жалпы 27 адам жұмыс істейді.

Самал Қалиқызы