2026 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде біраз өзгерістер енгІзіледі. Енді халықтың бірқатары жергілікті әкімдік тарапынан сақтандырылып, оларға медициналық көмек қолжетімді бола түспек.
Павлодар аудандық емханасында азаматтарға ашық есік күні ұйымдастырылды. Тұрғындар келіп алдын ала жазылусыз, кез келген дәрігерге қабылдауға кіруге мүмкіндік алды.
Баян Ахметова, Павлодар қаласының тұрғыны
Көптен бері өзім ауырамын. Мынау учетта тұрмын. 2010 нан бастап аяқпен ауырамын. Әлеуметтік желіден естіп, невропатологка көріндім. Сол кісі назначение жасайды деді.
Жақында ғана Мемлекет басшысы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістерге қол қойған еді. Енді келер жылдан бастап сақтандыру жүйесінде екі пакет біріктіріледі. Медициналық скринингтер бұдан әрі қолжетімді бола түспек. Ашық есік күнінің негізгі мақсаты - халық арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде енгізіліп жатқан өзгерістерді түсіндіру.
Эльмира Темірғалиева, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» қоры ПОФ бөлім басшысы
Қазіргі таңда А,Б,С,Д,Е санатымен жұмыс істейміз. Сол есептегі жандарға жергілікті әкімшіліктен төлейді. Ерте мерзімде таба алады. скрининг бәріне келесі жылдан бастап тегін болады. Осы мүмкіндікпен қолдана алады.
Сәуле Ибраева, Павлодар аудандық ауруханасының пациенттерді қолдау қызметінің басшысы
Бүгін біздің базамызда пациенттерге ашық есік күні өтіп жатыр. Неврапатолог, гематолог, эндакринолог, кардиолог, терапевт дәрігері қабылдау жүргізеді. Көбінесе қалаға тіркелген тұрғындар келіп жатады. Көбінесе 40 жастан асқан пациенттер келіп жатыр.
Ашық есік күніне келген емделушілер көбінесе кардиолог, неврапатологқа кіріп өз шағымдарын айтты. Қабылдауға келген азаматтардың мәліметтері кейін өздері тіркелген емханаларға жіберіледі.
Самал Қалиқызы