Шектеу тек санамызда.Павлодар қаласының тұрғыны Ақылбек Раисов осы сөздің шынайы дәлелі.Ол 30 жылдан астам уақыт арбаға таңылғанымен өзің және өзгелерді бақытты етуден жалықпаған.Бүгінде ол қалалық саябақтардың бірінде балаларға арналған ойыншық машиналары бар кәсіп ашқан.
Гагарин атындағы қалалық саябаяқта Ақылбек Раисовты кішкентай бүлдіршіндерден бастап ересектерге дейін таниды. Тіпті өмірінде алғаш рет кезіккен адамның өзі онымен танысқанына қуанып, жүрегінде мейірім шуағы пайда болады.
Ақылбек Раисов, кәсіпкер
Біздің қаламыз өте әдемі. Инфрақұрылымы өте дамыған. Ыңғайлы, жүруге қолайлы. Мен осы арбамен қала ішінде жиі жүремін. Адамдар көп жинатын орындарға бару, олармен сөйлесу, танысу ұнайтын. Менің немерем бар, онымен ойнаймын, серуендетемін. Сол кезде мен бір іспен айналысып, жақсы нәрсе жасағым келді.
Осылайша, уақыт өте келе шағын бизнес идясы пайда болып, бастапқы да балалларға ойыншық таратқан.Ол алғашында доп, шелек, конструкторларды алаңға апаратын.Осының арқасында балақайлар көшеге шашырамай, бір жерде құмсалғышта жиналып ойнайтын.Ал ата-аналаар болса, еш уайымсыз демалуға мүмкіндік алатын.
Ақылбек Раисов, кәсіпкер
Мен өте қатты қуандым. Шай мен нан алатын табыс таптым, сол маған қуаныш әкелді. Сосын тағы бір ой туды. Ойыншық машинка сатып алып көрейінші деген. Сөйтіп бұл идея жүзеге асып, жиеніммен бірге тіркеме жасап, ойыншық машинкаларды шығардық.
Алайда ,бір ғана ойыншық машина барлық балаларды серуендетуге жеткіліксіз болды.Себебі серуендеуші балалардың саны күннен-күнге арта түскен.Содан кейін тағы екі-үш ойыншық машина сатып алынып, бұл жер тұтас бір балалар көлік алаңына айналды.
Ақылбек Раисов, кәсіпкер
Балалар қуана отырып алады, мен оларды бүкіл саябақ бойы қыдыртамын, арбамды аямаймын, уақытымды да аямаймын. Балалар рахаттанып, ата-аналары демалып, шын қуансын деймін. Экскурсиямның бағасы 700 теңге.
Тағы бір қызығы, Ақылбек кейде балақайларды тегін серуендетеді. Көпбалалы отбасылардан ақы алмайды.Себебі ешқандай сәбидің көңілін қалдырғысы келмейді.
Ақылбек Раисов, кәсіпкер
Бұл мен үшін – қуаныш. Біреуде бес бала, біреуде алты, кейде одан да көп болады – мен оларды тегін серуендетемін.
Сонымен қатар, ол жақындарының қуанышына себепкер болсам деп те армандайды.Ақылбекті жұбайы күнде таңертең оны жуындырып, киіндіріп, машиналарды тіркеп дайындайды. Отбасы оның ең бірінші жаңашыры, әрі қолдауы.
Ақылбек Раисов, кәсіпкер
Осындай еңбектің нәтижесінде мен өзім де қуаныш сезінемін, айналамдағылар да қуанады. Біздің қаламыз жақсы. Трамвайларымыз жақсы, жолдар, тротуарлар жасалды.
Ақылбек сияқты жылы жүректі жандардың арқасында өмір әлде қайда жақсылыққа толы болмақ. Өмір жолы қиындыққа толы болса да, ол өз тағдырын жақсы жаққа өзгерте білді. Қоғамға бақыт сыйлап, өзге де бақытты бола білді.
Дильназ Қуанышбекқызы