Бұдан кейін облыс әкімі Асайын Байханов арнайы экономикалық аймақ аумағында инфрақұрылым салу мәселесіне арналған кеңес өткізді. Жиында жол төсеу, теміржол тарту және электр қуатын арттыру мәселелері қаралды.
Қазір аумақта 4,6 шақырым автожол салынған. Оның құны шамамен 700 миллион теңгені құрағанымен, бұл көлем толық қажеттілікті қамтымай отыр. Жоба аясында жаңа 4,7 километр жол салу жоспарланған. Оның құны 1 миллиард теңгеден асады. Аймаққа 38 мекеме кіруге ниет білдірсе, қазіргі уақытта 22 нысан тіркеліп үлгерген. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы Мәдениет Ахметовтың айтуынша, көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Мәдениет Ахметов, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасы
Жол дегенде түгелі айналма жол болады. Бұл автожол. Екінші теміржол. 18 жылы салынған. Сол кезде оны бірақ қабылдамаған. Соны біз бір жалдай айналысьық. Жетпейтін нәрсесін толықтырдық. Құжат толтырды. Июль теміржолмен шартқа отырдық. Оның бірінші этапы 6,1 км болатын. Екінші этапы 2,9 км. Оның құны 1 млдр. Біз бірінші анализ жасадық. Не жетпейді. 7 мегават запасымызда бар.
Жиын қорытындысында облыс әкімі үш ірі инфрақұрылымдық жобаны толық іске асыру қажет екенін атап өтті. Жауапты тұлғаларға тапсырма берді.
Асайын Байханова, Павлодар облысының әкімі
Жалпы қорытындылайтын болсақ, бұл экономикалық аймақтың инфрақұрылым дамыту мақсатында 3 жобаны толықтай іске асыру керек.2 жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлінбесе де онда жергілікті бюджеттен қаражат бөліп, келесі жылы жолды және теміржолды жұмысын бастап аяқтау керек. Бұл сіздерге тапсырма ретінде. Үшінші жоба ол жаңағы Электра жүйесінің құрылысы подстанцияның құрылыс бойынша Онда республикалық бюджетпен тығыс жұмыс жасаңыздар. Құрылыс, энергетика басқармасы қаоа әкіміне.
Бұл – өндірістік әлеуеті жоғары аймақтың дамуына серпін беретін маңызды бастама. Инфрақұрылымды жетілдіру арқылы жаңа инвестиция тартуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасын өркендетуге мүмкіндік туады.
Әйгерім Тоқпанқызы