Жол мәселесі — елді мекеннің тіршілігі мен дамуының күретамыры. Сондықтан да инфрақұрылымды жақсарту – басты басымдықтардың бірі болып қала бермек.Осы мақсатта Баянауылда бірқатар көше жолдарына қарқынды жөндеу жұмыстары басталды, оған облыстық қазынадан қаржы бөлінген.Толығырақ алдағы сюжетте.

Баянауыл ауданындағы Жамбыл Жабаев көшесіндегі жол тасқа толы. Сәйкесінше көлік қозғалысына әсер етіп, жүріп-тұру тұрғындарға да үлкен қиындық туғызатын. Сондықтан олар бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, тиісті мекемелерге өтініш білдірген болатын. Тұрғындардың талап-тілектері назардан тыс қалмады. Облыстық, аудандық әкімдік тарапынан жол жағдайын жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалып, бүгінде сол көшеде жол салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Фархат Дәрібай, Баянауыл ауылдық округінің әкімі

2021 жылдан бастап біз жобалық-сметалық құжаттама әзірледік.Қиын сәттер болды, сол себептен созылды. Конкурсқа екі рет бердік, көп мердәгерлер бұл жердің қиын, тасты жер болуы себепті келіспеді. Осы «Павлодар жолдары» мердігері келісіп, келісімшартқа қол қойып, жұмыс жасап жатыр. Жол салып, асфальт жамылғысы жабылғаннан кейін қысы-жазы күтіліп ұсталынады жол.

Ең алдымен, бұрынғы тасты, ойлы-қырлы жер арнайы техникамен қопарылып, жол төсемесіне лайықты тегістеу жұмыстары жүргізілді. Бұл — сапалы асфальт төсеу үшін маңызды кезең. Өз кзегінде тұрғындар бұл өзгеріске дән риза. Көше бойындағы

үйлерге енді еш қиындықсыз жетуге болады. Әсіресе балалар мен қарттар үшін бұл — үлкен жеңілдік.

Бибіжан Егеубаева, Баянауыл ауданының тұрғыны

4 жыл болады осы келгеніме. Міне жолды жөндеп, істеп жатыр. Ризашылығм мол, сельский әкімге, аудан әкіміне. Барлығы бірігіп, жұмыс жасап жатыр.

Рахат Идрисов, Баянауыл ауданының тұрғыны

Бұрын болған жоқ жол, құлап-сүрініп жүретінбіз, қараңғы болып. Енді істеп жатыр қазір.

Бұл жұмыстар — аудан көлемінде тұрғындар өмірін жақсартуға бағытталған нақты істердің бірі. Жолдарды жөндеуге облыстық бюджеттен 367 млн 900 мың теңге бөлініпті. Алдағы уақытта 17 көшедегі жол қыркүйек-қазан айларында кезең-кезеңімен аяқталмақ.

Қымбат Садық