Железин ауданында жыл басынан бері 230 дан астам адам мансап орталығы арқылы екі қолға бір күрек тауыпты. Олар мемлекет тарапынан атқарылып жатқан әр түрлі бағдарламалар арқасында еңбекпен қамтылуда.
Александра Ткач Железин ауданы орталығындағы азық-түлік дүкеніне жұмысқа орналасқанына бір айдан асты. Сатушы-кеңесші мамандығы бойынша еңбек етуде. Айтуынша, бұл жұмыс қызық. Көпшілікпен жұмыс істейді. Сауда саласын түсінуге, үйренуге мүмкіндік мол.
Александра Ткач, Железин ауданының тұрғыны
Бұнда жұмысқа орналасқаныма бір ай болды. Өзіме ұнайды. Жұмыс таба алмай көп уақыт жүрдім. Сосын Железин аудандық мансап орталығына бардым. Олар маған жылдам тауып берді. Ұжым тату. Бірлігі жарасқан ұжым. Мансап орталыған дейін көптеген хабарландыру бойынша да іздегенмін. Бәрібір жұмыс таба алмағам. Сондықтан, мемлекетке, осы дүкеннің басшылығына рахметімді айтамын.
Бұл дүкенге биыл мансап орталығы арқылы 4 адам жұмысқа тұрған екен. Қазір оның үшеуі еңбек етуде. Мемлекет пен кәсіпкерліктің осындай әріптестігі Железин тұрғындарына әркез оңтайлы.
Оксана Ляпина, кәсіпкер
Біз дүкенімізді кеңейттік. Осылайша бірнеше жұмысшы қажет болды. Осылайша «Мансап» орталығына хабарластық. Олар тауып берді. Әрине, алдағы уақытта да жұмысшы қажет болса хабарласамыз. Әзірше қызметкерлер толық.
Ал. Айман Қабырбаева «Күміс жас» бағдарламасы арқылы осы дүкенге кассир әрі сатушы болып жұмысқа оранасқан. Айлығым да, жұмыс жайы да оңтайыл, көңілімнен шығады дейді ол.
Айман Қайырбаева, Железин ауданының тұрғыны
Күміс жас» бағдарламасы арқылы жұмысқа тұруға болатындығын газетен оқыдым. Сосын қажетті құжаттық рәсімдерді жасап осында орналастым. Дүкен иесіне келіп келістім. Жұмыс істеп жатқаныма екі жылдай уақыт болып қалды.
Сондай-ақ, шағын кәсіп ашып, әрмен қарай дамытсам дегендерге де жәрдем бар. Ал, мына шағын фастфут асханасын көші-қон бағдарламасы бойынша қоысн аударушылар ашқан. Ол үшін 1 500 мың теңге көлемінде грант ұтып алған.
Мемлекет тарапынан жұмыс іздеп жүрген жандар үшін бағдарламалар көп. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» сияқты жобалар әр жастағы ел тұрғындарын қамтиды.
Шолпан Какимова, Железин аудандық мансап орталығы еңбекпен қамту бөлімінің басшысы
2025 жылы бізде 230 адамды жұмысқа орналастырдық. Бұл жоспардың 50 пайыздан астамыз. Жоспар бойынша 435 адам. Әрине, бұл әлі көрсеткіш емес. Өйткені, жыл соңына дейін көптеген өзгерістер болатыны түсінікті. Біз мақсатымызға жету үшін жұмыс істей береміз.
Тағы бір бөліп айтары, кейбір жұмысшылардың еңбекақысы мемлекет тарапынан субсидияланады.
Жанасыл Серікбол