Павлодар қаласында көлік жол бойындағы шұңқырға құлап түсті. Жүргізуші озу кезінде қоршауды байқамай қалған. Қазір полиция тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиға 18 тамыз күні түскі уақытта Назарбаев даңғылы мен Естай көшесінің қиылысында болды. Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі озу үшін жолдың оң жақ жолағына шыққан. Сол кезде қазу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтағы қоршауды аңғармай, екпінін тежей алмай терең шұңқырға түсіп кеткен.
Абырой болғанда, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.