Павлодарда дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Оған әр ауданнан 500 педагог жиналды. Ұстаздар қауымы жаңа оқу жылының басым бағыттарын айқындады. Жиынға облыс педагогтары, білім саласының ардагерлері, министрлік өкілдері қатысты.
Павлодар облысында 23 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Оныңі 15 мыңнан астамының біліктілігі жоғары. Білім саласы елдің болашщағын айқындайтын айрықша сала екендігі белгілі. Бүгінгі оқушы, ереңгі ел ұстар азаматтар. Облыс әкімі Асйын Байханов өңірде білім саласында жасалып жатқан шараларға тоқталды.
Артынша аймақ басшысы білім саласына айрықша еңбек сіңірген ұстаздарды марапаттады. Олар ұзақ жыл бойы маңдай телері мен бар білім-біліктерін осы салаға арнаған жандар.
Жаңа оқу жылында мектептерде жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізу басталмақ. Педагогтар цифрлық ресурстарды қолдану бойынша арнайы курстардан өтеді. Жыл соңына дейін балалардың мүдделерін ескеретін және отбасы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, құқықтық қорғау, қауіпсіз орта құру, бос уақыт пен спортты ұйымдастырудың 7 стратегиялық бағытын қамтитын «Қазақстан балалары» атты бірыңғай бағдарламасы қабылданатын болады
Кеңесте білім берудің жан-жақты мақсаты, бүгінгі ұрпақтың сұранысы мен болашақ мамандарды даярлаудағы талаптар да сөз болды.
Өңір оқушылары өткен оқу жылында республикалық және халықаралық олимпиадаларда 329 медаль жеңіп алып, үздіктер қатарынан көрінді. Мектепке дейінгі біліммен 36 мыңнан астам бала қамтылып, үш және алты жас аралығындағы балалардың қатысу деңгейі 100 пайызға жетті.
Жанасыл Серікбол