Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және онлайн-қызметтер санының өсуінен қаржылық қауіпсіздік мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Егде жастағы азаматтар-ең осал санаттардың бірі, көбінесе алаяқтардың нысанына айналады.
Алаяқтық екі факторға бөлінеді – технологиялық және психологиялық. Осы ретте қазір технологиялық сирек кездеседі, дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары.
Дмитрий Акмаев, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бөлімінің бас маманы
Банктің немесе қаржы ұйымының жүйесін бұзу өте қиын. Және әрқашан тиімді емес. Жақсы қорғаныс, ережелері бар. Алаяқтарға адамдармен жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Әуесқойлар жүйелерді бұзуға тырысады, кәсіпқойлар адамдармен жұмыс істейді.
Спикердің айтуынша, адамдардың өздері түзетілмейтін қателіктер жібереді екен, мәселе осында. Психологиялық алаяқтық жаңа деңгейге көтерілді. Жасанды интеллект пен мессенджерлерді дұрыс басқара алмайтындар жиі құрбан болып жатыр.
Дмитрий Акмаев, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бөлімінің бас маманы
Бірінші Схема-мессенджерлер арқылы психологиялық әсер ету. Мемлекеттік органның немесе банктің жалған аккаунты немесе "Мен сенің бастығыңмын" жаңа схемасы жасалады. Мұнда тіпті жәбірленушіге топтық қысым сеансы да бар: "Сізден шот ұрланады, сізге несие беріледі, жұмыстан шығарылады, қылмыстық іс қозғалады. Енді олар сізге қоңырау шалады және сіз нұсқауларға сәйкес болуыңыз керек. Ешкімге ештеңе айтуға болмайды". Дәл осындай сөздер айтылады. Алаяқтарды осы сөздерінен ақ ажыратуға болады.
Дмитрий Ақмаев атап өткендей, мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары ешқашан проблемалық мәселелер бойынша хабарласып, осындай сөз қозғамайды екен.
Дмитрий Акмаев, ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бөлімінің бас маманы
Қаржылық алаяқтықтың екінші белгісі-олар қысқа мерзімде орындалуы керек нақты нұсқаулар бергенде және ешкімге ешкіңе айтпағанда. Осы белгілерді байқасаңыз, қарым-қатынасты тоқтату керек.
Негізгі кеңес – күмәндансаң, істеме. Сондықтан өз қаражатыңызды қорғау үшін кез-келген қаржылық ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, шешім қабылдағанға дейін жақындарыңызбен кеңесу және қаржылық сауаттылық деңгейін үнемі арттыру әдетін дамыту маңызды.
Самал Қалиқызы