Павлодар облысында былтыр 6 кәсіпорын географиялық нұсқама сертификатын алған. Тағы тоғызының өтініші қарастырылып жатыр. Жалпы географиялық нұсқама куәлігі қандай мүмкіндік береді? Тілшіміз айтсын.

Бұл цех ұлттық дәм құрт, ірімшік, қоспа, балқаймақ, жент өндірумен айналысады. 100 ден астам өнім шығарады. Барлығы да жергілікті, сапалы сүттен өндіріледі. Өнім еліміздің барлық өңірлерінде және Омбыда сатылады. Өткен жылы кәсіпорын георафиялық нұсқама куәлігіне ие болды. Ал, географиялық нұсқама сертификаты тауарға мол мүмкіндік береді.

Марина Редина, кәсіпкер

Біз былтыр жеміс жидек дәмі бар құрт шығарып, оны павлодарлық бренд етіп, географиялық нұсқама сертификатын алдық. Бұл тауар белгісінің аналогы. Осымен мақтанамыз. Себебі біз өндіретін құрт мия тамырын жеп өскен сиыр сүтінен алынады. Сондықтан сүттің дәмі тәтті, сәйкесінше құрттың дәмі де тәтті болып шығады. Бұл бізге басқалардың біздікіндей тауарды көшіріп жасамауына мүмкіндік береді.

Географиялық нұсқама- белгілі бір географиялық шығу тегі бар және осы шығу тегіне байланысты қасиеттері немесе айрықша беделі бар өнімдерде қолданылатын белгі. Географиялық нұсқама ретінде қызмет атқару үшін нұсқама белгілі бір жерден географиялық аумақтан шыққанын растау керек.

Әділ Түкенов, Павлодар облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы

Географиялық нұсқама-бұл өнімнің белгілі бір аймақпен байланысты екенін және осы жерге өзінің ерекше қасиеттерімен қарыздар екенін көрсететін ерекше сапа белгісі. Тұтынушылар үшін бұл шынайылық пен сапаның кепілі. Географиялық нұскама бар өнімді сатып алғанда, адам сенімді: оның алдында жалған емес, табиғат пен дәстүр оны ерекше еткен жерде жасалған нақты өнім. Өндірушілер үшін бұл аймақтың брендін қорғау және жосықсыз көшірмелер қаупінсіз бизнесті дамыту мүмкіндігі.

Географиялық нұсқама сертификаты былтыр өңірдің 6 кәсіпорнына берілген. Тағы 9 кәсіпорын өтініш берген, қазір қарастырылып жатыр. Жалпы құжат 10 жылға беріледі.

Самал Қалиқызы