Бүгінде мемлекеттік тілді дамыту – еліміздің басты мақсаттарының бірі. Тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол халықты біріктіретін, елдің болашағын айқындайтын құндылық. Осы бағытта Шаһарымызда ерекше шара өтті. «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету» атты облыстық байқау ұйымдастырылып, оған түрлі мекемелердің мамандары қатысты.

Шараның мақсаты – мемлекеттік тілде қызмет көрсетудің үлгісін қалыптастырып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Байқауды бағалаған қазылар алқасының құрамына тіл мамандары, журналистер мен қоғамдық ұйым өкілдері енді. Сарапшылар қатысушылардың әрбір тапсырмасына әділ бағасын беріп, үздіктерді анықтады.

Батырбек Қайратұлы, мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының ономастика жұмыстары бөлімінің басшысы

Жеке азамттың өзінің құқығы бар. Яғни қандай да бір мекемеге барған сәтте өзі қандай тілде қызмет аплғысы келеді, әсіресе мемлекеттік тілде қызмет алам десе-бұл оның құқығы. Онда отырған қызметші дәл алдына келген адамды мемлекеттік тілде қызмет жасауға міндетті болып табылады. Осыны түсіндіру мақсатында осы сайысты өткіземіз. Жалпы қатысушыларға сәттілік тілейміз. Жылдан жылға бұл байқудың тақырыбы мен мазмұны жаңарып келетін жайы бар. Осы жылы басқа да тапсырмалар қосылды. Жанкүйерлер де көптеп келді. Қызықты болады деген ойдамыз.

Сайысқа қызмет көрсету саласының өкілдерінен құралған 5 команда қатысты. Олар түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындады. Өздерінің тапқырлығын, актерлік шеберлігін және кәсіби терминдерді мемлекеттік тілге аудару қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар қатысушылар нақты жағдайларда халыққа қызмет көрсету үлгілерін де көрсете білді.

Досбек Байрон, Павлодар қаласы халыққа қызмет көрсету бөлімінің маманы

Жалпы еңбек өтілімім 6 жыл. Біздің халыққа қызмет көрсету орталығында барлық маман мемлекеттік тілді еркін менгерген.Жергілікті тұрғындарға, шетел азаматтарына да мемлекеттік тілде, басқа тілде қызмет көрсете алады. Осы сайысқа дайындық барысында біз тобымызбен, яғни тобымыз «Сұңқар» деп аталады. Осындай көк аспанда тек қана биікте, әрбір саланың болмасын тек қана еркін, кең, толық көлемде меңгергендігінің белгісі ретінде «Сұңқар» тобы болып аталдық.

Байқауға қатысқан командалардың барлығы дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.

Сабина Жолдаспаева