Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Екібастұз қаласының орталық алаңында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Іс-шараға қала әкімі Аян Бейсекин қатысып, тұрғындардың көкейкесті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қоғаммен кері байланыс орнатуға бағытталған қабылдауға қала тұрғындарымен қатар жақын маңдағы ауылдардың азаматтары да келді. Олардың сұрақтарына тек қала әкімдігі ғана емес, мемлекеттік органдардың, коммуналдық қызметтердің және басқа да мекемелердің басшылары жауап берді.

 Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі

Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру тұжырымдамасының аясында тоқсан сайын мемлекеттік органдармен ашық есік күні өткізіліп отырады. Бұл жерде тек әкімшілік ғана емес құқық құрғау органдары да бар.

Апта сайын ұйымдастырылатын мұндай қабылдауларда халықпен ашық диалог орнатылып, әлеуметтік желілер арқылы да жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Тұрғындар мұндай шаралардың маңызын атап өтіп, әкімге тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне риза екендіктерін жеткізді.

 Алма Әбілқасымова, Екібастұз қаласының тұрғыны

Менің келіп тұрғаным бүгінгі күні менің көңілімде әрбір үйдің жанындағы таблицалар жаңартылса жақсы болар еді. Біздің қала жайнаған жақсы қала болады деп ойламын. Бүгінгі Аян Уахитұлының жасап жатқан еңбегі өте керемет, қиындықты да өткіздік басымыздан. Барлық қызметкерлерге көп рақметімді айтам.

Қабылдауға келген азаматтар Екібастұз қаласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Олардың айтуынша, қала күннен-күнге көркейіп келеді.

Мәдениет Жабайұлы, Екібастұз қаласының тұрғыны

Осы Екібастұзда 46 жыл тұрамын.Негізі Баянауылдыкімен.Осы Екібастұз қаласының мақтауға тұрарлық. Су бар,жарық бар, енді жылу беріледі.Жалпы өте жақсы деген баға беремін. Бұрын мұндай болған жоқ шығар,бізде тазалық деген қазір барлығы қалпына келіп жатыр.

Жиын барысында тұрғындар көтерген әрбір мәселе арнайы бақылауға алынып, тиісті шешімдер қабылданатыны айтылды. Екібастұзда азаматтардың үнін есту мен билік арасындағы байланыс күн санап нығайып келеді.

Дильназ Қуанышбекқызы