Павлодар облысының азаматтық форумы өтті. Онда азаматтық қоғамды қалыптастыру, үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жасақтап, оны енгізу ұсыныстары талқыланды. Сонымен қатар, қайырымдылық қорлардың жұмысы сөз етілді.

Азаматтық қоғамның дамуы үшін қоғамдық ұйымдардың қосатын рөлі маңызды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қоғамдағы салмақты мәселелерді шешіп жүрген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, билік институттары, қоғамдық қорлар арасында азаматтық форум өтті. «Адал азамат – әділетті қоғамның тірегі» тақырыбымен өткен форумда бірқаттар маңызды сұрақтар талқыланды.

Жанаргүл Әлжанова, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары

Енді бүгінгі азаматтық форум, ең алдымен серіктестікті дамытатын ең ірі диалог алаңы. Өңірлік форум республикалық форум аясында өтіп жатыр. Республикалық форумның күн тәртібі жасақталып жатыр. Ең бастысы өңірлік форумның барлық өңірлерде өтіп жатқаны. Үкіметтік емес ұйымдар заңы жобасы кеңінен талқыланады. Азаматтық қоғамға қатысты нормалар енгізіледі.

2022 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Қордың құрылған ұжымы бір ай ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдар, тиісті министрліктер өкілдерімен фасилитативтік сессиялар мен талқылаулар өткізді. Содан бері, қор қазір әр аймақта ауқымды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Шыңғыс Шарапиев, «Qazaqstan Halqyna» Endowment корпоративтік қорының директоры

На сегоднешйний день.. Қазіргі таңда «Қазақстан халқына қоры» 108 қайырымдылық бағдарламасын бекітті. Олардың ішінде 30-ы жалпыреспубликалық, әр облыста дамып келеді. 20-сы Павлодар облысында жүзеге асты. Әлеуметтік қолдау және оңалту бағытында қордың – аутизмі бар балаларға арналған орталық, оңалту орталықтары бар. Осы екі жоба қордың ең негізгілері. Себебі, оңалту инклюзия тақырыптары бұл денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және білім беру салалары ортақ бағыт.

Өңірлік форум барысында аймақтың азаматтық қоғамын қалыптастырып, үлес қосып жүрген белсенді азаматтар облыс әкімі атынан марапатталды. Алғыс алғандардың қатарында Самал Дейсенбайқызы да бар.

Самал Жанбекова, Павлодар облысы бойынша қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі

Іскер әйелдер қауымдастығы бірнеше бағыт бойынша жұмыс жасайды. Алдымен бұл бизнес, қайырымдылық және әлеуметтік жобалар. Мен өз басым аудандарда филиалдардың ашу бойынша жұмыс істеп жатырмын. Себебі осы уақытқа дейін біздің аудандарда филиалдарымыз болмаған, ал қазір ашылып жатыр. Қазір 5 ауданда филиал бар, биыл тағы екеуін ашамыз деп отырмыз. Себебі біз ауылдағы кәсіпкер әйелдерді қолдағымыз келеді. Өйткені қалада тұратын кәсіпкер әйелге көп жағдай жасалып, ақпарат мүмкіндіктьер

беріліп отыр. Сондықтан жыл сайын «Ауылды жаңғыртқан арулар» форумын» да өткізіп тұрамыз.

Азаматтық форум пленарлық отырыспен жалғасты.

Гүлнар Есенова, «Әділдік және өркендеу» ҚҚ Павлодар облысы бойынша өкілдігінің басшысы

Біздің қоғамда бірінші секторда мемлекеттік қызмет, екіншісі бизнес және үшінші секторға азаматтық қоғам қойылады. Бірақ жұмыстан кейін бәріміз азамат болып шыға келеміз, бәріміз ауруханаға барамыз, бәріміз көшеде жүреміз. Яғни азаматтық сектор бұл ауқымды, сондықтан бүгін талқылап отырған тақырыбымыз кең.

Айта кетейік, өңірлік азаматтық форумдар қазір облыстарда өтіп жатыр. Ал, 12-ші республикалық азаматтық форум қазан айында ұйымдастырылады.

Самал Қалиқызы